Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТІЛІНЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК: ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

2 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТІЛІНЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК: ОНЛАЙН ТРЕНИНГ
WhatsAppTelegramFacebook

Республикада «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасындағы әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасы білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтіп жатыр. Жобаның ұйымдастырушысы — Ұлттық Дельфий комитеті, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Оқыту Halyk Tarihy мобильдік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналастырылған жобаның интеллектуалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізілуде.

Бес күн бойы білім беру тренингтерінің қатысушылары көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру; қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету бағыттары бойынша мәлімет алады.

Жоба тренерлері — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Наталья Калашникова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттінің жетекшісі Мира Билялова, «Вolashak RL” жобаларды басқару тобының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Бірлік Меңдібаев.

Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий комитетінің әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің Уou-tube арнасындағы материалды тыңдай алады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, аталған жобаны өткізу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра және этникалық ынтымақтастық құндылықтарын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. 

Жобаның бейнедәрістері Уou-tube (үстінен басыңыз) арнасында қолжетімді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.