Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды

5 мамыр 2023
РУХАНИЯТ
Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды
WhatsAppTelegramFacebook

2024 жылғы 8-15 қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселесі Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Үкіметтің ресми сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды

Мемлекет басшысы еліміз үшін маңызы зор іс-шараны өте жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Айта кету керек, Қазақстанның Ойындарды өткізуге өтінімін түркі қауымдастығы бірауыздан қолдаған болатын.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі саналмайтын елдерден командалар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ сияқты қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, сондай-ақ шет елдерде дамыған, бірақ тамыры біртұтас көптеген басқа спорт түрінен өтеді.

Спорт жарыстарының басты ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы үлкен қолдау көрсетеді.

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жақсы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуі үшін дайындықты бүгіннен бастау керек. Елімізде ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді, мемлекет ұлттық спортқа үнемі қолдау көрсетіп отырады. Осыған байланысты Көшпенділер ойындары қазақстандықтардың зор қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар қазаққа тән ашықтық пен қонақжайлылықты көрсету, ата-бабаларымыздың бай мәдени мұрасымен бөлісу мүмкіндігі де зор маңызға ие», — деді Алтай Көлгінов. 

Кеңес соңында вице-премьер мүдделі министрліктерге алдағы айларда Ойындарды өткізу дирекциясының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын айқындауды, Іс-шаралар жоспарын және республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітуге ұсынуды тапсырды.

Фото: primeminister.kz

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.