Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БЕЛГІСІЗ БІРЕУЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗҒА ҚОРЛЫҚ КӨРСЕТКЕН. ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

23 қаңтар 2022
РУХАНИЯТ
БЕЛГІСІЗ БІРЕУЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗҒА ҚОРЛЫҚ КӨРСЕТКЕН. ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында белгісіз біреулер 16 жастағы оқушы қызға қорлық көрсеткен. Мұнысымен қоймай олар бұл әрекеттерін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бойжеткеннің ата-анасы кінәлілердің жазалануын сұрап отыр.

Оқиға 16 жастағы Галинаның әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен өзен маңында кездесуінен басталған. Оның айтуынша, қыздар осы жерде бойжеткенді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсететін екі жігітті шақыртқан. Галинаның айтуынша, қос бойжеткен өзін сырттай бақылап жүрген. Кездесу кезінде ештеңе түсіндірместен жұдырық ала жүгірген. Басынан ұрып, денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.

«Олар маған ауылда өздері туралы қауесет тараттың деп сес көрсетті. Біздің нашақор екенімізді, есірткі қолданатынымызды кімге айттың деп ұра бастады. Мен оларды мүлде танымаймын да. Әлеуметтік желіде кездесу туралы жазғанда да қоқан-лоққы көрсетті», — дейді оқушы қыз.

Бойжеткен қорланғаны жайлы алғашында үйдегілерге тіс жармаған. Үш күннен соң әлгі қыздар оны қайта соққыға жыққан. Киімін шешіп мазардың ішімен ары-бері жүгіруін бұйырған. Сорақысы сол, бұл қылықтарын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Қызым үйге көк ала қойдай боп келді. Мұрны сынған. Беті-аузы ісіп кеткен. Алғашында не болғанын сұрағанымда айтпай қойды. Кейін мән жәйді түсіндірді. Бірден полиция шақырдым. Біз зорлық көрсеткен екі жігіттің де оларды видеоға түсірген достарының да әділ жазалануын сұраймыз», — дейді бойжеткеннің анасы Надежда Тыркова.

Полиция департаменті іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабы 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау мақсатында, тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Алматы облысы полиция департаменті өкілдері «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.

Кінәлілер бұл бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.