Талдықорған: +25°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БҮГІН ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҚОС ҚАЛАМГЕР КӨЗ ЖҰМДЫ

29.07.2021
РУХАНИЯТ
БҮГІН ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҚОС ҚАЛАМГЕР КӨЗ ЖҰМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін қазақ руханиятына қызмет еткен қос қаламгерден айырылып қалдық. Әлеуметтік желі танымал драматург, кинорежиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев пен белгілі әдебиетші, жазушы Аягүл Мантайды жоқтаған жазбаларға толды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Болат Атабаев 1952 жылы Алматы облысында туған, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген. 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) стажировкада болған. Б.Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббаты») қоюмен бастады.

1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың «Қос мұңлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Қ.Ысқақтың «Жан қимақ», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», А.Чеховтың «Шағала», М.Метерлинктің «Соқырлар», Б.Брехттің «Тоғышардьң тойы», сонымен қатар, Р.Мұқанованың «Қаралы сұлу», Р.Болгтың «Кішкене сері» секілді қаншама спектакльдерді қойып, халық ықыласына бөленді. Ол батыл сахналық эксперименттерге баратын, спектакльдің көркемдік-эстетикалық мән-мазмұнын ашуға ден қоятын ізденімпаз режиссер екенін байқатты. Болат Атабаевтың сұхбаттарында ел, жер, өнер тақырыбындағы өзекті мәселелер көтеріліп, қоғамдық-саяси мән-маңызы жоғары пікірлер айтылатын.

Ауыр қазаға байланысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова көңіл айтты.

«Болат Атабаевтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан танымал театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Гёте» медалінің иегері Болат Манашұлы Атабаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Болат Манашұлы саналы ғұмырын халықтың руханиятын байытуға арнаған болмысы бөлек өнер адамы еді. Ұзақ жылдар бойы республикалық неміс драма театры мен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында қызмет етіп, өрелі көрерменнің жоғары бағасына ие болған қойылымдарды сахналады. Өнегелі өмір иесінің, ортасына сыйлы өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», — деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ал Аягүл Мантай Түркістан облысында дүниеге келген. 2009 жылы “Жалын” баспасынан “Жаңбырлы көктем” атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Ол “Серпер” Жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері. Аягүлдің прозасын іздеп жүріп оқитындар өте көп. Оның әлеуметтік желіде қалдыратын жазбалары да әсерлі, адам жандүниесін дөп басатын бейнелі сөздерге толы.

Қос қаламгердің қазасы қалың қазақтың қабырғасына батты. Желіде марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып жатқандарда есеп жоқ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.