Талдықорған: +22°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БҮГІН — ЖЫР ҚАҒАНЫ, АҚЫН ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

30.01.2021
РУХАНИЯТ
БҮГІН - ЖЫР ҚАҒАНЫ, АҚЫН ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

30 қаңтар — Жетісу жерінде туып-өскен жыр қағаны Жұматай ЖАҚЫПБАЕВТЫҢ туған күні. Осыған орай ақынның қаламынан туған ғазалдарын қайыра бір оқырман назарына ұсынып отырмыз.

ҚАСОҚ ҒАЗАЛДАРЫ
1
Қиырдан шыққан қырғынға үлгіре білген,
Аламан қолы атына дүрліге мінген
Жалайыр Бала нояндай Мәлік хан менен
Жалаләддинді қуам деп Үндіге кірген.
Шаңдатқан ішін сан қала, қалашықтардың,
Көз жазып жаудан, жауырынмен бал ашып та әр күн.
Жаутаңдап қалған нояндай Сені ойлап жүріп,
Бар мақсат, арман-мүддемнен адасып қалдым.
Көзіме келіп тигендей жасынның ұшы,
Ашылды сырым, қайсардың басылды мысы.
Қыңсылап үрген, ұлыған үндерге толды
Ию да қию иткерке – басымның іші…
Ғашықтық тәмәм, болды ма еркелік тәмәм?
Қарардай әлем Сен құсап жеркеніп маған.
Намыс пен мұңнан Мысырға халифа болған
Ұбақ Қыпшақтай ызадан өртеніп барам
Тағдырға мынау. Таусылды ақылым, демім,
Ақырым қорлық болды ма, ақырым өлім?
Тәуіптей емдеп, Тәңірдей жарылқа мені,
Ару ақ Күнім – жұлдыздай жақыным менің.
2
Жаз өтті бастан, қыс қалды дедім,
жерідің менен мүлде Сен.
Ғұмырым бірден қысқарды менің,
не үшін, не деп күн кешем?
Кеудемде мейірім, ар-намыс барын
көрермін дағы сорымнан.
Сұр өмір сараң алданыштарын
сыпырып алды қолымнан.
Көкірегіме шер толып, Тектім,
айта алмай аузым мұңды әнді,
өкініштен Мен өртеніп кеттім,
ішімде сұп-сұр күл қалды.
Ішімде сұп-сұр өртеңдей, міне,
жайлады өңі өзге мұң.
Ыс иісімен жиіркендірмей ме
күлде өскен гүлдей сөздерім?
3
Көріп, тыңдап қанығам,
Көңіліме гүл қаптап.
Сенің мәнің-мағынаң
Сәуле сынды мүлде аппақ.
Табылмас ем, дауа да
Бұл сезімге мұңды, отты.
Жер не, сені ауа да
Көтеруге міндетті.
Шипалы бал – өң, үнің,
Гүлдікіндей беделің.
Сәл жымисаң, көңілім
Көктеп шыға келеді.
Адам түгіл, тасқа ауыр
Азабыңнан езілгем.
Жаны мөлдір, жас Тәңір,
Жарылқай гөр көзіңмен. 
Сүт иісің бұрқырап,
Жүлгеше ерке жүр кейін.
Жүрегімді жыртып ап,
Кебісіңді сүртейін.
Кешіре гөр, жыры үлгі
Күйші ғұнның арманы,
Міндерімді бұрынғы
Және сосын алдағы!
4
Сезімдерге бөленгенде ең керім,
Жүзімізге, көзімізге нұр ұйып,
Гүл мен мұнар, кемпірқосақ еңбегін
Бағалаймыз махаббаттан жымиып.
Біраз бақыт сыйлап еді жомарт күн,
Жаным, тәнім жабырқаудан тағы азды.
Ең ғажайып қазынамды жоғалттым – 
Сенің күлкің бейнеленген қағазды.
Жаман ырым екен деп ем біртүрлі,
Ұрлады ма білмейтін жан обалды?
Мені көрсе, жарқ ететін күлкіңнің
Ізі де жоқ, ол да кейін жоғалды.
Қара барқыт пұты, бұты өзгенің,
Қайқы десем, тайқы ма еді маңдайым?!
Мені көрсе күрсінеді көздерің
«Мосфильмнен» мезі болған жандайын.
Көк сеңгірдей көркем, сұлу ойларым
Ұсақталды, шашылды әрі тарыдай.
Күлкіңе де қанбадым, не тоймадым,
Кетем білем қуанышқа жарымай.
Сезімдерге бөленгенде ең керім,
Жүзімізге, көзімізге нұр ұйып,
Мұнар мен гүл, кемпірқосақ еңбегін
Бағалаймыз жылай жаздап жымиып.
5
Бір бақыттан хабар берген есті үнмен
Тәңірімнің дауысы ма естілген?!
Маңдайына тиген қолдан ес жиған
Жаралының жаңа халін кештім мен.
Жүрексініп айтып тұрмын мұны мен
Мылқаулардың мида сөйлер тілімен.
Тәңірім деп табынып ем, Тәңірім,
Оң көзіңмен қарайсың ба шынымен?!
Есіркей ме, соқпай ма енді көк мені?
Қанша заман іштей бір зар төккелі:
«Ақ тәніңе ауа тисе, сол ауа
Сорлы ерінім жетпегенге жеткені.
Үмітсіздік ішкенімді у қылды,
Қуалайтын күн бар ма екен қу мұңды?
Боз биенің сүтіндей бет, ерінім
Бола алмай ма хлоры бар су құрлы?!»

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.