Талдықорған: +7°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«БИЗНЕС ПО КАЗАХСКИЙ»: КӨРЕРМЕНДІ АЗДЫРЫП БІТТІ!

21 қаңтар 2019
РУХАНИЯТ
«БИЗНЕС ПО КАЗАХСКИЙ»: КӨРЕРМЕНДІ АЗДЫРЫП БІТТІ!
WhatsAppTelegramFacebook

Бала кезімізде «бүйтіп жіберу» дегенді бұзақы балалардан үйреніп, үйге келгенде қайталап, әкемізден оңбай шапалақ жегенім бар. Ол әркімнің-ақ басынан өткен шығар. Білмеймін, қазақ баласы үшін ең азғын, ең ұятсыз ишарат /жест/ – осы «бүйтіп жіберу». «Анау ананы бүйтіп жіберіпті», «бүйтем депті», «мен сені бүйтіп жіберемін», – деп алақанымен жұдырығын ұрғылаған азғындық енді киноға жетіпті.

Өз басым әншісі бар, әнші емесі бар, жалпы өзім тұратын елде түсірілген фильмдерді көруге тырысамын. Өзім үшін. Көңілім толмаса да, көркемдігі онша болмаса да… Ол өте қажет! Бүгінгі көрермен қандай киноны ұнатады, ақшасын қандай туындыдан аямайды дегендей. Өткенде Ерке Есмаханның «Махаббат кафесін» көргенмін. Керемет дей алмаймын, бірақ бір көруге болатын кино. Актерлары да тәп-тәуір. Сюжеті жақсы, оқиғасы жылы.

Кеше Нұрлан Қоянбаевтың әйгілі «Бизнес по-казахскийінің» үшіншісіне бардым. Әшейінде үш-төрт адам шоқиып отыратын зал лық толды. Көпшілігі – балаларын жетектеген қазақтар. Сценарий мүлдем жоқ, болса сол КВН-да жыртыңдап айтылған арзан әзілдердің өңін айналдыра салған үзінділері. Оқиғасы ешқандай логикаға келмейді. Келсе, айдалада танысқан негрдің сөзіне алданып, екі қазақ сөмке арқалап, иә, сөмке арқалап, Африка асып кетер ме еді? Диалогтарын тыңдап, қор болған тілді ойлап, еңіреп жылағың келеді. Құрысыншы, оған да көндік. Мәдениет саласы басшыларының өзі: «Олар өз ақшасына түсірген, ештеңе дей алмаймыз», – деп отырғанда, бұларға «тәйт» дейтін ешкімнің жоқтығына көз үйренген.

Ең сорақысы, әлгі екі қазақ Африкада сөмкелерін арқалап, шай ұрлап жүргенде болды. Олар қолға түседі. Құтқарып алуға Қоянбаевтар келеді. Екі арадағы келіссөздер кезінде африкалық тайпаның көсемі біздің ыржақайға «бүйтіп жіберемін» деп алақанымен жұдырығын періп келіп қалады. Ыржақай шошып кетеді (бүйтіп жібергенде болар еді). Абырой болғанда әлгі тайпаның тілінде бұл ишарат «сыйлау, құрметтеу» дегенді білдіреді екен. Енді ыржақай да алақанымен жұдырығын ұрып, «бүйтіп жіберемінді» қайталап жатты. Зал толы күлкі. Әке де мәз, ана да мәз, бала да мәз.

…Кинодан шығып барамыз. Бір кішкентай бала «бүйтіп жіберемінді» қолымен қайталап барады. Анасы басынан сипап, күлді де қойды. Есіме әкемнің шапалағының түскені. Бұларға да сондай бір шапалақ керек болды. Өздері ғана емес, көрерменді де аздырып бітті! Деградация!

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

«Facebook» парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.