Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН: БҰҒАН НЕ СЕБЕП?

16 қыркүйек 2021
РУХАНИЯТ
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН: БҰҒАН НЕ СЕБЕП?
WhatsAppTelegramFacebook

Сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздардың ең басты мақсаты шәкіртінің болашағына жарқын жол ашу болуы керек. Уақыт сайын жаңарып, жасарып отыратын технологиялар заманында әрбір білім алушы балдырғанды тұлға етіп қалыптастырудан асқан қызмет жоқ. Дегенмен, біздің облыс өткен жылдары білім көрсеткіші бойынша төменгі нәтиже көрсетті. Ал, құқықбұзушылық сынды жағымсыз жайттар жағынан алдыға жан салмай келеміз. Неге?

Білім басқармасында өткен кеңесте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осылай деп мәлімдеді. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында өрбіген жиынға аудандық, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері,  мектеп пен колледж директорлары онлайн режимінде қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев алғашқы болып сөз алды.

– Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын болдырмау шараларын күшейтуді жаңа Жолдауында да айырықша атап өтті. Қанша қатаң шаралар қолданып, белсенді жұмыс жүргізгенімізбен мектеп қоры, жөндеу жұмыстары, мұғалімнің туған күні мен жекелей мейрамдар секілді дүниелерге ақша жинау әлі тоқтаған жоқ. Пандемияға байланысты оқу барысы онлайн өткенімен мектептегі жөндеу жұмыстары немесе сыныпқа қажетті құрал-жабдықтарға ақша әлі де жиналуда. Сондықтан да білім саласы департаменттің арнайы бақылауында, – деген Жандос Сағындықұлы ағымдағы жылдың 8 айында департаментке 40-тан астам өтініш келіп түскенін, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін өскенін атап өтті.

Бүгінде құқықбұзушылық деректері бойынша түскен шағымдар саны нәтижесінде Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле және Сарқан аудандары ерекшеленіп тұрғанын ескертті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық көрсеткішіне сәйкес есепті кезеңде анықталғандардың үштен бірі жергілікті атқарушы органдарға және оларға бағынышты мекемелерге тиесілі болса, солардың ішінде 11 іс білім беру саласында көрініс берген екен. Осылай деп баяндаған департамент басшысының орынбасары дезинфекциялау бойынша да ақша жиналып жатыр деген шағым департаментке түсіп жатқанын жеткізді.

Батыржан Байжұманов дезинфекциялау бағытында облыстық бюджеттен жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінгенін, бұл бағытта сылтауратып ақша жинау қылмыс екенін кеңеске қатысушыларға қадап айтты.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова өз кезегінде сөз алып, жыл сайын мемлекеттік немесе кәсіби мерекелер қарсаңында мектепті жөндеу жұмыстарына ақша жинауға, ақылы курстар мен мектеп қабырғасында ақылы іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салу туралы бұйрық шығарылып, барлық мектепке жолданылатынын атап өтті. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын жекелей түсіндірді.

– Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру, білім және мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 763 мектепте «Адал Ұрпақ» ерікті клубы құрылып, жұмыс жасауда. Облыс колледждерінде «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылған, – дей келе, Гүлсара Тастандықызы Көксу ауданы мен Қапшағай қаласы білім бөлімдерінің басшылары, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға орта мектебінің директоры, Қаратал ауданы І.Есенберлин атындағы орта мектептің директоры, Текелі қаласы №6 орта мектеп директоры лауазымдарын асыра пайдаланып, құқықбұзушылық әрекеттер бойынша жауапқа тартылғанын да атаусыз қалдырмады.

Өз кезегінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева сөз алса, кеңесте көтерілген мәселелер бойынша аудан басшылары жауап берді.

Кеңес соңында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов ұлағатты ұстаздардың басты міндеті тәрбиелі ұрпақ қалыптастырып, оларға сапалы білім беру екенін жеткізді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.