Талдықорған: +22°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Болат Бисұлтанұлының шығармашылығы

28.06.2023
РУХАНИЯТ
Болат Бисұлтанұлының шығармашылығы
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистика ардагері, сексеннің сеңгіріндегі Болат Бисұлтанұлы бір жиында:
– Кейбіреулерді мақтайтын болсаңыз, сол жерде желпініп, өзіңе ақыл айтып, хакім Абайдың: «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап» деген ғибратынан хабарсыз екендігін көрсетеді. Мұның себебі, менің пайымдауымша, сын мен өзара сынның тынысы тарылып, еңсесі төмендеп кеткенінен шығар. Бізде ақты ақ, қараны қара деп бетке айту жетіспейді, – деген болатын.
Біз алғашқы қадамы Ақсу аудандық «Өмір нұры» газетінен басталған қаламгердің ұлтымыздың мінез-құлқына, салт-санасына кереғар, кертартпа жайттарға деген көзқарасын жариялап отырмыз.

Ата айтқан ақиқат

– Ата, жемқор деп кімді айтады?
– Жемқор деп отырған жерін ойып, үңілген жерін үңгіп жейтін Сұмды айтады.
– Ата, алаяқ дегендер кімдер?
– Алаяқ дегендер:
Жылмаңдаған сөздері,
Жаутаңдаған көздері,
Жалмауыздың өздері.
Арамза тірлік – кәсібі, 
Білмейді екен өзгені.
– Ата, парақор дегендер кімдер?
– Парақор деген:
Мес қарыны толмайтын, 
Қанша жесе де тоймайтын,
Қанталаған көздері,
Көртышқанның өздері.
– Ата,  алиментші деген кім?
– Алиментші деген:
Өз баласын танымайтын,
Табыс тауып жарымайтын,
Жел айдаған ебелек,
Әр гүлге қонған көбелек.
Ата сөзін аяқтады:
– Есіңде болсын, балақай,
Олардың тағдыры солақай,
Барар жері – түрме,
Дерті бүрме болар.

Енесі мен келіні

– Апашка, Арунаны детсадқа, 
Провожать етіңізші!
Трасса бойы гололед,
Осторожно өтіңізші.
Свет өшсе, светофорлар 
жанбайды, 
Мұндай случай адамды 
алдайды, – 
Деп ескертті келіншек.
Келінді енесі түсінді:
– Қа-ра-шо, – деп күрсінді.

Шұбар тілді шопыр

Автобуста көп адам,
Темір тұлпар жүйрік,
Айғай салды шопыр:
– Остановка Киров!
Жүріп кеттік ілгері,
Шопыр және үндеді:
– Роддом мен больница,
– Оны сұраған кім? – деді.
Не деуге болады, қарағым,
Оны айтқан өз қазағың.

Сүреңсіз сұхбат

– Айналайын балақай,
Сен кімнің баласы едің?
– Мамамның баласымын.
– Сонда кімнен туғансың?
– Мамамнан.
– Әкең қайда, құлыным,
Алдымен атау керек-ті?
– Әкемді туғалы көрмеппін,
Тұңғыш бала болсам да
Иығына мінбеппін,
Жетегінде жүрмеппін.
Апам айтып отырса,
Құшағына кірмеппін.
Бірақ тірі жүрсе керек,
Біз жайын сырттай білсе керек.
Алиментші әкемді,
Дегенмен көргім келеді,
Оң қолымды бергім келеді.
Есіне салайын әкемнің
Менің атым – Торсықбай,
Оның аты – Борсықбай.

Баукеспенің зары

Жасым биыл елуде,
Бірақ қиын сенуге.
Албырт шақтың жалыны – 
Саналы ғұмырымның жарымы,
Темір тордың ішінде өтті,
Сом білектің күші кетті.
Аузымда бір тіс қалмады,
Жанарымды түнек жалмады.
Әлсіздің дорбасын іле қаштым,
Біреудің көлігін міне қаштым.
Көршімнің сиырын,
Жылқының үйірін ұрладым.
«Тек жүр» деген жақынның
Сөзіне мойын бұрмадым.
Жалғызы едім әкенің,
Еркесі едім шешенің.
Қиналмай мал табам деген
Қате болыпты есебім.
Бүгінде мен сорлының,
Айтсам көрген қорлығын,
Соңымда бала, басымда пана
Өмірде ізім қалмады,
Тәңірім әбден қарғады.
Дес бермеген жанашырдың сөзіне,
Обал жоқ менің өзіме.

Құйын мінез

Үйленгенше жігіт қызға:
– Жүрегім сенде,  – деді.
Үйленген соң ұмытты да
– Қатынның тізгіні менде, – деді.

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.