Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бір шаңырақ астында: Береке-бірлік – ынтымақтың бастауы

1 наурыз 2025
РУХАНИЯТ
Бір шаңырақ астында: Береке-бірлік – ынтымақтың бастауы
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы қатысты. 

Облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысқан салтанатты шара ҚР Әнұранымен басталды. 

Мерекелік кездесуде облыс басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арнаған құттықтауын оқыды. Онда Мемлекет басшысы өз құттықтауында ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білген берекесі мен бірлігі жарасқан халыққа алғыс айтты. “Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады», – деген Мемлекет басшысы ҚХА-ның жылдар бойы халқымыздың ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын айта келе, осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылғанын атап өтті.  

Мұнан кейін аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы Жетісу облысында бір шаңырақ астында татту-тәтті ғұмыр кешкен тарихы ортақ, тағдыры бір 70-тен астам ұлт пен ұлыс барын, өңірде 21 этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін айтты. 

– Бүгінгі күн нағыз берекенің бастауы екенін ұмытпайық. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Талдықорған қаласында 1991 жылы алғаш рет Жетісу халқының жиналысы өтіп, онда «Ұлттық мәдени орталықтар қауымдастығы» құрылды. Еліміздегі алғашқы Достық үйі де Талдықорғанда ашылды. Бір шаңырақ астында бірлігіміз бен берекеміз жарасып өмір сүріп келе жатқан әрбір жанға алғыс айтамын, – деді.

Облыс әкімі  Ассамблея ардагерлеріне бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Алматы облысының құрметі азаматты, ҚХА ардагері Светлана Гаитова, «Вайнах» шешен ингуш этномәдени орталығының мүшесі Асет Ибрагимова, Қаратал аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ұлболсын Досмолданова, Панфилов ауданындық ұйғыр этномәдени орталығы ҚБ ардагері Рахимжан Тохтахунов, “Облыстық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестік ардагері Виктор Никифоров және бірнеше азамат Алғыс хатпен марапатталды. 

Марапаттау сәтінен кейін Достық үйіндегі  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақта сы ашылып, іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

– Ұлтаралық татулық пен ынтымақтастықты насихаттау — біздің міндетіміз. Біз қиын қыстау кезде құшағын ашып, барша халықты бауырына басқан қазақтай текті халыққа мәңгі қарыздармыз. Қазақстандағы достық пен бірліктің айқын көрінісіне сызат түспесе дейміз.  Отан – бұл рухтың бірлігі, ниет пен мақсаттың тұғыры. Сондықтан да ұлтаралық келісім мен елжандылықты сақтау әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгідей айтулы күнде облыс әкімінің қолынан Құрмет Грамотасын алып, мерейіміз артып жатыр. Бұл біздің татулығымыздың, бірлігіміздің жемісі деп білемін. Ең бастысы — заманымыз тыныш, еліміз аман болсын! Аналық жүрегіммен қазақ еліне бас иіп, алғыс айтамын, – дейді Алматы облысының Құрметі азаматты, ҚХА ардагері Светлана ГАИТОВА.

Еңлік Кенебай
 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.