Талдықорған: +17°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БӘРЕКЕЛДІ: КЕНЕСАРЫ ХАНҒА БЕЛГІТАС ОРНАТЫЛДЫ

29 қазан 2019
РУХАНИЯТ
БӘРЕКЕЛДІ: КЕНЕСАРЫ ХАНҒА БЕЛГІТАС ОРНАТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарақыстақ, Аққайнар, Талап ауылдық округтерінен Қамбархан Үмбетов, Бердіқұл Құрманғалиев сияқты елжанды азаматтар бастаған Төретұқым ұрпақтары Жамбыл облысына сапар шекті. Олар Қордай ауданы Қаракемер ауылы, маңындағы Кенесары хан мен оның жаужүрек батырларына арналған мемориалдық ескерткішке белгітас апарып қойды.

Сол жерде Аққайнар ауылының ақсақалы Қамбархан Үмбетов былай деді: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» жобасы туралы айтқан еді. Яғни, əр адам өзінің туған елін мақтаныш санауы керектігін алға тартқан. Біз де келер ұрпаққа Кенесары ханның алдында қаншалықты қарыздар екенімізді білдіру үшін ауыл азаматтарының атынан осында белгітас орнатсақ, ханның əскері қаза тапқан жерге құрбан шалып, Құран бағыштасақ деген ниетпен келдік. Əрине, рухты тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмайды. Мына төбеде, көріп тұрғанымыздай, Кенесары ханның Наурызбай мен Құдайменді, Ержан деген бауырлары жатыр. Олар да кезінде ұрыс майданында қаза тапқан. Сол үш батырдың сүйегін Саурық батырдың əскері қырғыз даласынан алып шығып, осы төбеге жерлеген деген аңыз бар», – деді.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1843 жылы Ресей өкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді əскери жорық бастаған. Соған қарамастан, Кенесары Қасымұлының əскері Ресей армиясы мен оның жақтастарына бірнеше рет ойсырата соққы берген. Əсіресе, 1843 жылдың қыркүйегіндегі Орынбор жасағымен шайқас бір жұмаға созылған. 1844-1845 жылдары Кенесары бастаған Ұлт-азаттық көтерілісі шырқау шегіне жетті. Оның əскерін үш жақтан қоршап, Қарақұмға шегінуге жол бермеу əрекеті үш бірдей жасаққа жүктелсе де, Кенесары қарсыластарын жер қаптырып, құтылып кеткен. Азаттық үшін арпалысқан айбынды хан кейін Константинов қамалына шабуыл жасайды. Кенесарыны қарудың күшімен бағындыра алмасын білген Ресей өкіметі онымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болады. Хан өз ордасын Жетісуға көшіреді. Ұлы жүзден оған Байсейіт, Сұраншы, Саурық, Тойшыбек, Байзақ батырлар жасақтарымен келіп қосылады.

Азаттық үшін шайқаста Кенесары хан қырғыз манаптарымен келіссөз жүргізген. Алайда патша əкімдерімен құпия байланыста тұрған қырғыздар келісім жасамайды. Өз жақтастарының опасыздығынан Кенесары мен Наурызбай дұшпандардың қолына түсіп, 1847 жылы Кенесары Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс əкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір  басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып, сақтауға бұйрық береді. (Қазақстан энциклопедиясы, 4-том).

Қаракемер ауылының маңында Кенесары ханның əскері жерленген жерде бірнеше қорым таудай болып үйіліп жатыр. Мұнда сонымен қатар Кенесары ханның ерлігіне тəнті болып, рухына құрмет көрсеткен əр рудың белгітастары орнатылған. Қорымға құлпытас қойған Төретұқым ұрпақтары арнайы құрбан шалып, Құран бағыштады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.