Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЧИЛИ КОМПАНИЯСЫ ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШУҒА НИЕТТІ — ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

3 қараша 2022
РУХАНИЯТ
ЧИЛИ КОМПАНИЯСЫ ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШУҒА НИЕТТІ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Чили Республикасының «ME-Elecmetal» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында чилилік бизнесмендер Қазақстанмен серіктестік байланыс орнатып, инвестиция салуға ниетті екендіктерін, ол үшін, алдымен, өз кәсіпорындарын орналастыратын және жұмысын жүргізетін лайықты өндірістік алаң іздеу мақсатымен келгенін айтты.

Атап өтсек, «ME-Elecmetal» компаниясы тау-кен өндірісі саласында диірмен қаптамаларын шығаруда өндірістік қуаты мен өнім шығару көлемі жағынан әлемде көшбасшы саналады. Компания шикізатты Қытайдағы кен орнынан жеткізіп, Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ. Олардың жылына 100-140 мың тонна жоғары сапалы өнім өндіру жоспары бар. Дайын өнімді өткізуде негізінен «KAZ Minerals» компаниясымен серіктестік болатындарын айтады. «Талдықорған» индустриалды аймағының барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтылуы Чили кәсіпкерлерінің қызығушылығын туғызған.

«KAZ Minerals» компаниясымен келісімшарт жасасамыз. Сіздерге ұсынылып отырған жобамызды директорлар кеңесі бізге бекітіп береді. Содан кейін нақты қадамдар жасауға әзірміз», — деді «ME-Elecmetal» бірлескен компаниясының өкілі, ұсату бөлімінің аға атқарушы вице-президенті Зен Жу мырза.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ресми қонақтарға жылы лебізін білдіріп, еліміздің, соның ішінде, Жетісу аймағының логистикалық мүмкіндіктері мол екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Талдықорған» индустриалды аймағында өндірісті дамытуға қажетті барлық инфрақұрылым жүйелері жасалғанын айтты.

Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның аймаққа тиімділігі тұрғысындағы бірқатар жайттарды пысықтаған облыс әкімі өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін білдірді.

— Сіздермен серіктес болуға пейілдіміз. Дегенмен, коронавирусты және басқа да себептерді алға тартып, кей жобалардың іске асырылуын ұзатып алған инвесторлар да бар. Бізге жобалардың уақытында жүзеге асырылғаны және оның өз тиімділігін көрсеткені керек. Ол үшін біз жергілікті атқарушы органға қатысты жұмыстарды дер кезінде атқаруға мүдделіміз. Өзіңіз атап өткен барлық құжаттық рәсімдер аяқталғанда тағы бір кездесіп, жобаның жай-жапсарын егжей-тегжейлі талқылауға әзірміз, — деді Б.Исабаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.