Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Дастарқанның» өнімі

1 сәуір 2025
РУХАНИЯТ
«Дастарқанның» өнімі
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбек адамына кәсіп бастауға ештеңе кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Отбасымен тұшпара түйіп, кәсібін өркендетіп отырған Бірлік ауылының тұрғыны Гүлвира  Кәменованың ісі көпке үлгі. 

Аудан орталығы дүкендеріндегі мұздатқышта бірінші көзге түсетін – «Дастарқан» атауымен әзірленген жартылай дайын тағамдар. Бұл шағын ауылдың брендіне айналған өнім. Дәмді әрі жеңіл дайындалатын тағам сиыр, қой, жылқы етінен жасалады. Ең бастысы, кәсіп иесі етті жергілікті шаруалардан алады. 
Кәменовтар әулеті он жылдан бері тұшпара жасап келеді. Ең ғажабы, өндіріс технологиясы үйде дайындалатын рецептке негізделген. Тұшпара қолмен түйіліп жасалады, оған артық заттар қосылмайды. Оған дәлел – тиісті органдардан берілген «халал» сертификаты бар.

Цех басшысы Гүлвира Қамбылқызының негізгі мамандығы сатушы. Кәсібін бастамас бұрын ол  тұшпара цехтарында еңбек етіп, тәжірибе жинады. Отағасы Ермекпен отбасын құрғаннан кейін шағын дүкенін сатып, өз кәсібін бастады. Алғашында несие алып, тұшпара түйді. Өнімдерінің табиғи тазалығын алға тарта отырып, жартылай фабрикаттар дайындау цехын ашты. Сертификаттаудан өтіп, рұқсат алды.

«2014 жылы бастаған кезде тұшпарадан басқа ештеңе өндірген жоқпыз. Қазір картоп қосылған вареник, фрикаделька, котлет, самса, тұшпара сияқты тағам түрлерін дайындаймыз. Біртіндеп өнім түрін көбейтіп келеміз. Мұның бәрі тұтынушылардың сұранысына байланысты», – дейді Гүлвира.

Тұшпара үй рецепті бойынша дайындалып, түгелдей қолдан түйіледі. Өнім табиғи таза шикізаттан  әзірленеді. Оған жергілікті жердегі мал өнімдері – сиыр, жылқы, қой еті, отандық ұн қолданылады. Қосалқы қоспалар қолданылмайды. «Бұл – біздің басты ұстанымымыз» дейді іскер әйел. Шағын цехта жергілікті  7 тұрғын тұрақты түрде жұмыс істейді. Аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі) дайын өнімдер өз тұтынушыларына жөнелтіледі.

«Дастарқан» сауда маркасымен шығарылатын кәсіпорын тұшпаралары, басқа да жартылай фабрикаттары жергілікті сауда орындарында ғана емес, сонымен қатар көршілес Ақсу, Алакөл аудандарында кеңінен саудаланады. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өнім түрлерін ұлғайту арқылы табиғи өнімдерімен Талдықорған қаласының нарығына да шығу жоспары бар. 

Келешекте елді мекеннен кондитерлік цех ашып, біраз тұрғынды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізсем деген жоспары да бар.

Жақсылық ИГІМАН
 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.