Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДІН ҰСТАН, ӨЗГЕЛЕРДІҢ СЕНІМІН ҚҰРМЕТТЕ, БІРАҚ ФАНАТИЗМГЕ ЖОЛ БЕРМЕ!

14 тамыз 2021
РУХАНИЯТ
ДІН ҰСТАН, ӨЗГЕЛЕРДІҢ СЕНІМІН ҚҰРМЕТТЕ, БІРАҚ ФАНАТИЗМГЕ ЖОЛ БЕРМЕ!
WhatsAppTelegramFacebook

Зайырлылық ұстанымы бар, бірақ оны негізге алмайтын мемлекеттерде діни фанатизм немесе саяси лаңкестік билікке үстемдік етеді. Дін бостандығын діни және саяси алауыздықтан қорғаудың жалғыз тәсілі – зайырлылық және оның жан-жақты функциялары болуы керек деп ойлаймын.

Егер демократиялық елдің басты міндеті халыққа қызмет ету болса, онда биліктің басты міндеті халықтың діни қажеттіліктерін ескеру және қанағаттандыру болуы керек. Халық­аралық қауымдастықтар зайырлылық түсінігін әртүрлі түсіндіруде. Өз кезегінде, бұл дін мен мемлекет арасындағы қатынастардың ортақ сипатын көрсететін нақты модель жоқ дегенді білдіруі мүмкін. Зайырлы елдер дін мен саясатты бөлу идеясын ұстанады. Осыған орай, зайырлылық қағидаты діни ілім мен ұлттық заңдардың айырылуын қарастырады, бірақ діни бостандықты анықтайтын дін мен қоғамның бөлінуін көздемейді. Алайда кейбір адамдар зайырлылық атеистік бағыт деп санайды.

Шын мәнінде атеизм дінге қатаң тыйым салғанымен зайырлылық бізге дінге сенім арту, болмаса таңдау құқығын береді. Дін – бұл қоғамды сауықтырудың, тұлғааралық қатынастарды реттейтін, татулыққа, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және басқа да мәселелерді шешудің негізгі идеологиялық құралдарының бірі. Сондықтан, әр ел діни қатынастардың тиімді моделін құрғысы келеді. Мәселен, көптеген елдер өздерінің Конституцияларында дәстүрлі дін мәртебесін айқындаған.

Жалпы, әлемде зайырлылық туралы тура консенсус болмай-ақ, көптеген елдер заң, қаржы, экономика, денсаулық, мәдениет және басқа салалардың тәуелсіздігін қолдайды және де ар-ождан дінге және діни сенімдерге әсер етпейді. Сайып келгенде, зайырлы мемлекеттердің бұл мәселе бойынша көзқарастары жақын екенін көрсетеді. Бұл көзқарастарды біріктіру сыртқы саясатқа, сауда-экономикалық серіктестікке оң әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның көпвекторлы  көзқарасының зайырлылық қағидаттары оны әртүрлі діндерді пайдаланатын көптеген елдер үшін сенімді серіктес етеді.

Зайырлы мемлекет қағидаттарына сәйкес, дінге елді басқаруға жол берілмейді, дін мемлекеттік істерге араласпайды, бірақ зайырлы елдер дінді мүлде жоққа шығармайды. Қазіргі әлемде адамның рухани табиғаты әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен әсер ететін кезде діннің үлкен идеологиялық әлеу­еті бар екенін бәріміз білеміз.

Статистика көрсеткендей, егер 1989 жылы Қазақстандағы дінге сенушілердің саны жалпы халықтың 22 пайызын құраса, 1995 жылы 39 пайыз, 2006 жылы 66 пайыз болды. Басқаша айтқанда, дін кез келген жағдайда қоғамға әсер ете алатын деңгейге жетті. Сонымен қатар, дін идеология болып табылады. Дін әлі күнге дейін әртүрлі діни бірлестіктердің, этникалық, әлеуметтік және тіпті саяси топтардың тәуелсіз идеологиясы ретінде қаралады.

Айта кетейік, Кербұлақ ауданында бүгінгі күні 28 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде мешіт саны  24, католик шіркеуі 1, орыс-православ шіркеуі 3. Ақпараттық түсіндіру тобы жастар арасында өзге діни ағымдардың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 7 айында «Діннің қоғамдағы рөлі»,  «Дін және қоғам», тағы да басқа тақырыптарда өзекті мәселелер талқылап, «дөнгелек үстелдер», семинарлар, акциялар, Ашық есік күндерін өткізді.

Раушан БИСЕМБЕКОВА,

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.