Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК? МҰНЫҢ АРТЫНДА КІМДЕР ТҰР?

2 қазан 2021
РУХАНИЯТ
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК? МҰНЫҢ АРТЫНДА КІМДЕР ТҰР?
WhatsAppTelegramFacebook

Діни экстремизм — бұл мемлекеттік жүйені күшпен өзгертуге немесе билікті күшпен басып алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға, сонымен қатар осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін діни араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған діни мотивті немесе діни камуфляжды әрекет. Діни экстремизм – бұл зорлық-зомбылыққа, аса қатыгездік пен агрессивтілікке негізделген діни догматика.

Діни экстремизм – кез келген діннің көлеңкелі, қараңғы, қауіпті жағы. Діннің атын жамыла отыра аморальді көзқарастар мен принциптерді қорғайтын, жекелеген адамдардың немесе бүкіл қоғамның мүдделеріне зиян келтіруге әкеп соғатын дүние. Ол демократия мен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен дамуына қарсы тұратын негативті фактор.

Діни экстремизм тікелей діни секталар мен деструктивті ағымдармен байланысты. Мұндай діни ұйымдар өздерінің жымысқы пиғылдарын дінге деген қызығушылық пен жанашырлықтың артына ғана жасырып, іс жүзінде деструктивті идеяларды насихаттайды. Осындай пропогандалық жұмыс арқылы адамның санасын улап, оны тұлға ретінде бұзады.

Нәтижесінде, экстремистік көзқарастарды насихаттаушы деструктивті ағым ұстанушысы айналасындағы адамдардың құқықтарын аяққа таптап, діни жанжал туғызады. Мұндай азаматтар дінаралық мәселелерді саяси келеңсіздікке айналдыру арқылы оларды конфликт қоздыратын құрал етіп пайдаланады.

Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз ұстанымын өзгелерге мойындау және оны барлығына күштеп таңу, негізгі мемлекеттік идеологияға айналдыру. Олар кез келген жат пікірді мойындаудан бас тартып, компромисске келуден үзілді-кесілді қашады.

Діни экстремизммен күресу – күрделі әрі маңызды іс. Діни экстремизм негізінен жастарға тән құбылыс. Діни экстремизмді жеңу үшін қарсы әрекет етудің әр түрлі формаларын қолдануға болады: саяси, әлеуметтанулық, психологиялық, ақпараттық және басқалар.

Осы себепті бұқаралық ақпарат құралдарында, мектептер мен жоғары оқу орындарында діни фанатизм мен экстремизмнің антигуманистік сипатын ашып, фанатизмге негізделген идеология мен практиканың утопиялық сипатын және деструктивтілігін айшықтайтын түсіндіру жұмыстарын жүргізу – діни экстремизм профилактикасының ең негізгі құралы. Аталмыш бағытта жат ағымға түспеудің алдын алып, орасан зор еңбек етіп отырған – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен дін істері басқармасы теологары.

Діни экстремизм себептерінің бірі – шовинизм, ксенофобия, өзге пікірге төзімсіздік сияқты дүниелерге алып келетін интеллектуалды соқырлық пен надандық. Сондықтан, бұл мәселеге, ең алдымен, интеллектуалдық деңгейде қарсы тұру қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың ар-ожданы мен сенім бостандығын қорғауды мақсат етеді. Дегенмен, сенім бостандығына толық мүмкіндік беретін зайырлылық принциптері діни салада экстремистік идеологияға негіз болатын теріс діни догмалар мен деструктивті ағымдардың да еркін жұмыс жасауына әкеп соқты.

Діни мотивке негізделген экстремизм жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе болғаны себепті әрбір діни әдебиетпен таныспас бұрын, оның авторларымен және деструктивті ағымдарға қатысы бар-жоғын анықтап алуымыз керек. Сондай-ақ, өзімізді және жақындарымызды жат ағымның арбауынан сақтау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес миссионерлік лицензиясы бар тұлғаларға ғана құлақ түргеніміз абзал.

Естай ҚАЛМҰРАТ,

«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-маманы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.