Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Дінімізде жұлдыздарға сенуге тыйым салынған»: Ай қарап, жұлдыз санау дұрыс па?

3 маусым 2023
РУХАНИЯТ
"Дінімізде жұлдыздарға сенуге тыйым салынған": Ай қарап, жұлдыз санау дұрыс па?
WhatsAppTelegramFacebook

Алдағы өмірін жұлдыз-жорамалға сеніп тапсыру, тағдырын жоспарлау ХХІ ғасырдың өзекті тақырбы. Екі жастың бір-біріне сәйкестігін жорамалдау, үйлену тойының күнін белгілеу, қай айда ұрпақ сүю керектігін ойластыруды да астрологтар  жұлдыздар арқылы айтып береді. Жалпы астрология ілімі қалай және қайдан шықты деген сұраққа жауап беріп көрелікші.

Астрологияның дамуы үшін Вавилонды мекендеген халдейлер көп еңбектенді. Олардың діни қызметкерлері көкте өмір сүретін құдайларға дұға етті. Өз құдайларына жақын болу үшін діни қызметкерлер пирамидалар салуға бұйрық берді. Ежелгі діни қызметкерлер құдайлармен сөйлесіп, аспанды бақылап отырды, мыс.  Жұлдыздар – шоқжұлдыздарға жиналды. Діни қызметкерлер жұлдыздарға қарап балық аулап, егін егіп, үй шаруасымен шұғылданатын күндерді белгіледі.  

Уақыт өте келе Вавилон  өткенге айналды.  Бірақ құпия білім әлі де өз құндылығын жойған жоқ.  Жұлдыздарға римдіктер мен гректер жүгінді. Олар көптеген шоқжұлдыз бен планеталарға жаңа атау берді.  Гректер жұлдыздарды болжау өнерін «астрология» деп атады. Астролог мамандарына құрметпен қарады. Бос уақытында жұлдыздарды зерттеумен айналысатын әуесқойлар көбейді. Жұлдыз- жорамалдарға Платон, Пифагор, Цицерон секілді ұлы тұлғалар сенді. Сол заманда  патшалардың жеке астрологтары болған. Мысырлық астролог және діни қызметкер Созиген Александрийский Гай Юлий Цезарьға қызмет еткен. Оның бұйрығымен А.Созиген күнтізбелік реформа жүргізді. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ: «жұлдыздар адамның денсаулығына қатты әсер етеді», – деп мәлімдеді. Оның идеялары өте танымал болды, сондықтан барлық дәрігерлер астрология заңдарын білді. Сол кездегі дәл болжам айтқан ең танымал астрологтардың қатарындағылардың бірі Иоганн Кеплер, Тихо Брахе.

Дінімізде жұлдыздарға сенуге тыйым салынған. Ол ауыр 7 күнәнің бірі деп жазылған. Егер адам бал ашушы немесе қазіргі тілмен айтқанда жұлдыздарға, нумеролог, тарологтарға өмірін сеніп тапсырса, онда ол адамның 40 күндік дұғасы қабыл болмайды.  Дінтанушы Абдусамат Қасым:  «Нумерология – тылсым әлеммен байланысы бар эзотериялық (құпия) наным жүйесі. Мұны «сандармен бал ашу» деп атайды. Шариғатта бал ашу да, аштыру да харам. Әрбір әріп пен сандарда белгілі бір мәліметтер жасырылған деген сенім ғылыми негізі жоқ. Ол құр қиял мен соқыр сенімділік ғана.

Қазіргі таңда жұрттың біразы жұлдыз-жорамалға сену дұрыс десе, енді бірі  білгіштердің дүдамал ойы дейді. Ал астрологтар адамның туған күні, айы, жылы арқылы мінез-құлқы, болашағы, кәсібі жайлы айтып беруге болады деп топшылайды.  Психологтар  астрологтарға қарсы пікірде. Себебі, сандарға сену адамның психикасына әсер етіп, қиындыққа төтеп бере алмай қалады дейді.

Мамандар жұлдыз-жорамалға сену адамдардың болашағына  жауапкершілік алғысы келмегендіктен, тағдырын жұлдыздарға тапсыруды жөн көргендіктен сенімдері басқаға бағытталатынын айтады. Замандастарыма айтарым, жорамалдаушыларға сенемін деп күнәға белшеден батып қалмаңыздар.

Айнұр Рахымбекқызы,
ЖУ-дің 3-курс студенті.

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.