Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Еңбек өмірге құлшындырады

14 қаңтар 2025
РУХАНИЯТ
Еңбек өмірге құлшындырады
WhatsAppTelegramFacebook

«Арлан» шаруа қожалығының басшысы Қайратбек Бершімбеков қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы орны жайында тебірене әңгімеледі.

 – Жұмыссыздық белең алды дейміз. Шынтуайтына келсек, жұмыс бар, жұмысшы жоқ, – деген Қайратбек аға өзекті мәселені қозғады. Қазір жұмыс істеймін деген білікті маманға қай салада да сұраныс көп. Сондықтан, жастардың ауыр жұмыстан қашпай, шаруашылықта атқарылатын істерді үйренгені жөн. Қайратбек аға басқаратын қожалықтың Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып жүргенін жақсы біледі. Шаруасы ширақ, ісіне мығым азамат өнім көлемін жылдан жылға арттырып, материалдық-техникалық жағын нығайтуда. 1978 жылы Екіаша орта мектебін бітіріп, Талғардың ауыл шаруашылығы техникумына түскен Қайратбектің көкейінде үлкен отбасына тірек болсам деген мақсат тұрды.

Оқуын бітіре салып, Кавказда әскери борышын өтеп, азамат болып қалыптасты. Әскерден келісімен «Красный октябрь» колхозына агроном — гидротехник ретінде қабылданды. Еңбек жолын бастаған 1983 жылдың 10 қыркүйегі бүгінге дейін есінде. Іскер адам нарық саласында бақ сынап көрді. Ол Қайратбектің оң жамбасына келді. Қолға алған ісін аяқсыз қалдырмады, бастаған жұмысының бәрі баянды болды. 2009 жылы Қайратбек Сембіұлы басқаратын «Арлан» ШҚ асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсіруге ден қойды. Сол жылы 70 бас сиыр, 3 бұқа сатып алып, іргелі шаруашылықтың іргесін қалады. «Инвест жоба» бағдарламасы аясында жайылымдық жер алды.

Мұнда малшылар тұрақты еңбек етеді. Өйткені, 8 малшының отбасы жақсы үйде тұрады. Қора-жайы жылы, қарауындағы мал басына қарай жалақы алады. Қолдағы 250 бас қазақтың ақбас тұқымды сиыры, бордақылау алаңындағы 110 бас ірі қара, 60 бас жылқының қыстан қысылмай шығуы үшін 2 мың тоннадай пішен, 100 тонна арпа, 50 тонна бидай, 30 тонна жүгері дайындапты. Шаруашылық басшысы болашақта ірі қараны 1 мың басқа, жылқыны 100-200 басқа жеткізуді жоспарлап отыр. Қайратбек осы шаруаны бастапқыда 5 адаммен қолға алған. Бүгінде 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасыларын асырауда. Бәрі жұмысына тиянақты. Қожалықтың тынымсыз тірлігінен босамайтын еңбеккерлер үшін ыстық тамақ ішетін асхана бар. Биыл да қара жердің қайтарымын көруге мүдделі, мал шаруашылығын өрістету басты мақсаты. 

1999 жылы наурыздың 4-інде Қайратбек Бершімбеков аудандық жер бөлімінен 700 гектар жерді заңдастырып алып, егін шаруашылығымен айналысуға кіріскен. Аталған аумақтың 116 гектары суармалы, 141 гектары тәлімі алқап, қалғаны жайылымдық. Күздік бидай септі. Жаздық дақылдарға көп орын берілді. Арпа-бидай көктеп өсіп, күзде дәні толықты. Жерді баптай білді, нәтижесінде бағы жанды. Алғаш шаруа қожалығын қолға алғанда бір-бір данадан ғана трактор, тіркеме, сепкіш, комбайны бар еді. Қазір қажетті техниканың бәрі бар. Олар науқан қарсаңында жөндеуден өтіп, сапқа қойылады. Слесарь, механик, тракторшы, комбайншы, жүргізуші, бәрі осы қожалықтан табылады.

 Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ,

Сарқан ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.