Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕЛБАСЫНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

24 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
ЕЛБАСЫНЫҢ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шыққанына 5 жыл толмақ. Мақала 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді.

«Рухани жаңғыру» жобасы алғашында мақала болып шыққанымен, кейін бағдарлама ретінде қабылданып, 2017 жылдың 26 сәуірінде оның іске асуын үйлестіретін, қадағалайтын орган – ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін» атап көрсетті.

Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның сан ғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал. Олай болса, Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ғұлама айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру, өзінің ісін, өнерін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ қалдыру — әрбір ұлттың қай кезде болсын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің бірі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыруға бағытталған құжат деп білемін. Мақалада, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», — дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде көптеген жұмыс атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

Ендеше, көкжиектен ауытқымай, Ұлт Көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

А.САПАРОВА,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті құқық және экономика факультетінің оқытушысы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.