Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Елдардың ерлігі

14 маусым 2018
РУХАНИЯТ
Елдардың ерлігі
WhatsAppTelegramFacebook

Апат айтып келмейді. Тосыннан келген төтенше жағдай әп-сәтте әбігерге түсіріп, артын қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы ықтимал. Осы сәтте не істеу керек, қалай әрекет жасаған дұрыс? Ол әрбір азаматтың қаперінде болғаны абзал. 
Дәл осындай төтенше жағдайға кезіккен Елдардың ерлігін ерекше атап өткен жөн. Ол өртке оранған үйден қос бірдей бүлдіршінді аман алып шыққан. Бұл жайында толық ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті берді.
Үшарал қаласының 101 телефонына 16 сағат 13 минутта Теректі ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, № 69 мекенжайында орналасқан тұрғын үй өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. 16 сағат 14 минутта Қабанбай ауылының №36 өрт сөндіру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау капитаны С. Толқыновтың бастауымен 5 өрт сөндіруші оқиға орнына аттанды.
16 сағат 20 минутта жалын шарпыған үйдің түгелдей өртеніп жатқанын көрген олар шұғыл түрде өз қызметтеріне кіріседі. Бір айта кетерлігі, өрт сөндіру қарауылдары келгенше Қ. Баянбай көшесі, № 72 үйдің тұрғыны, он жеті жастағы Теректі орта мектебінің 11-сынып оқушысы Елдар Абдиев өртеніп жатқан үйдің ішінен төсек астына тығылып, іште қалған Артем Крутиголов (03. 06. 2009) және Ангелина Крутиголованы (15. 06. 2012) сыртқа алып шыққан. Сөйтіп, екі адамның өмірін құтқарып, ерлік жасады.
Балалардың әке-шешесі –  көрші Қабанбай ауылының тұрғындары. Олар әжесі Любовь Крутиголовамен бірге тұрып жатқан. Өрттен жарақат алғандар жоқ.
Міне, қаршадай баланың ерлігі көпке үлгі. Басын қатерге тігіп, екі баланың өміріне араша түскен Елдар нағыз батырға лайық іс тындырды. 

Алакөл аудандық ТЖБ

 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.