Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕР МІНЕЗДІ ЖАН ЕДІ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВТЫҢ КӨҢІЛ АЙТУЫ

7 шілде 2020
РУХАНИЯТ
«ЕР МІНЕЗДІ ЖАН ЕДІ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВТЫҢ КӨҢІЛ АЙТУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменованың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен әріптес-замандастарына қайғырып, көңіл айтты.

– Әлемді дүрліктіріп, біздің елімізді де алаңдатып отырған індет санаулы күннің ішінде қаншама елге танымал, жаны жайсаң жандарды ортамыздан алып кетті. Күн сайын суық хабар. Бүгін де қабырғамызды қайыстырған қайғылы жағдай болып отыр. Жетісу жеріне танымал, бойжеткен шағынан құрметті демалысқа шыққанға дейін, тіпті, одан кейін де туған жерінің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен аяулы жан Гүлжиян Мағданқызы Сүлейменова өмірден өтті. Ардақты жанның бүкіл өмір жолы көз алдымнан жылжып өтіп жатыр. Гүлжиян Мағданқызын танығалы отыз жылдан асты. Соның ширек ғасырында әріптес болып, әкімшілік саласында бірге еңбек еттік. Әсіресе, облыс орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшіп келген жылдан бастап, күні бүгінге дейін сыйластықпен ғұмыр кештік, – деген аймақ басшысы марқұмның елге сіңірген еңбегін сөз етті. – Қазақтың қара өлеңіндегі: «Омыртқа ішіндегі жұлындаймын, Қыз да болсам әкемнің ұлындаймын», –  деген жолдардан Гүлжиян Мағданқызының бейнесін көруге болады. Шынымен де жаны нәзік болғанымен ер мінезді еді. «Мен әкеме тартқанмын. Әкемнің қызымын. Мағдан менің әкем ғана емес, сырлас досым, арқасүйер ақылшым, менің өмірімдегі ұстазым еді», – деп мінезінің әкесіне тартқанын айтып, ол кісіні мақтан тұтып жүруші еді. Еңбек жолын кеңестік кезеңдегі Күрті ауданынан бастаған Гүлжиян Мағданқызы облысымыздағы Еңбекшіқазақ, Іле, Панфилов, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында жалғастырып, идеология саласын ұршықша иіріп, саясат сахнасында өзінің бейнесін қалыптастырды. Мемелекет басшысының сындарлы саясатын халық арасында насихаттауда ерлермен бірге қатар жүріп, азаматтық танытты.

Амандық Ғаббасұлы Гүлжиян Мағданқызының ізгі қасиеттерін мысалға келтіріп, идеология саласында жүрген кезде қолға алған тың серпілістерін үлгі етті.

– Облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған жылдары да еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиғалар мен жаңалықтарды аудан, ауыл тұрғындарына жеткізуде сан түрлі жобаларды іске асырып, халық пен билік арасына алтын көпір орната білді. Осы басқармадан Құрметті демалысқа шықты. Өмір бойы ат үстінде жүріп үйреніп қалған Гүлжиян Мағданқызы демалысқа шыққаннан кейін де үйінде тыныш жата алмады. Ұзақ жыл идеология саласында жүргендіктен бе, отандық, облыстық, аудандық басылымдармен де тонның ішкі бауындай араласып, жұмыс істеді. Осы тәжірибесі Гүлжиян Мағданқызын тағы бір қырынан танытты. Соңғы оншақты жыл ішінде республикалық «Кәсіпкер» журналын ашып, соның құрылтайшысы болды. Қызмет бабымен үйден гөрі түзде жүріп үйренгендіктен журналдың кеңінен насихатталып таралуы үшін де біраз уақыты шапқылаумен өтті. Бұл әрекетінен ол кісі шаршамайтын, себебі, елмен етене байланыстыратын журналдың жұмысынан да жанына қуат алатын, – деді.

Облыс әкімі: «Міне, елі үшін аянбай еңбек еткен ер мінезді Гүлжиян Мағданқызының да жарық дүниедегі дәм тұзы таусылыпты. Өлшеулі өмір, өтпелі  уақыт болғандықтан адам баласы бәріне бойұсынады. Ұзақ жылғы еңбегінің өтеуіне кеудесіне «Құрмет» орденін тақты, өзі еңбек еткен аудандардың да құрметіне бөленді және Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Осындай аяулы жанды өткен шақпен еске ала отырып, марқұмның отбасына, туған-туыстары мен әріптес-замандастарына қайғырып, көңіл айтамын. Жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жаннатта болсы!, – деп түйіндеді көңіл айтуын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.