Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕРІКСІЗ БАС ШАЙҚАДЫҚ»: ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕСІН КЕЛЕШЕККЕ ҚАЛДЫРМАЙЫҚ

12 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"ЕРІКСІЗ БАС ШАЙҚАДЫҚ": ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕСІН КЕЛЕШЕККЕ ҚАЛДЫРМАЙЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеңес тұсында ана тіліміз бұрмаланып, орыстану үрдісі алға шықты. Тәуелсіздік алғанымызбен де ел басқарып отырғандар, тіпті, жастар да орысша сөйлеуін азайтпай тұр.

Бірде «Жетісу» телеарнасының бір тілшісі көшеден өтіп бара жатқан қазақ жастарын тоқтатып: «Бұлар кімдер?» – деп С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровті көрсетті. Олар білмейтін болып шықты. Тағы бірде Тәуелсіздік күнін сұрады. Олар иығын қиқаң еткізіп кете барды. Қазақ болып туып, елдің ірі тұлғаларын және қазақ тарихын білмеу деген не сұмдық?! Біз де еріксіз бас шайқадық.

Енді отандық телеарналардың көрсетіліміне тоқталайық. Көптеген арна қазақ сөздерін экранның төменгі жағына орысша жазып қояды. Құдды қазақты емес, орысты аяғансымақ болып. Мәселен, НТК арнасында «погода, среда, далее» деген сөздерді жиі байқаймын. Оны қазақшалап «ауа райы, сәрсенбі, келесі» деп жазса тақиямызға тар келе қоймас, сірә?! Біз айтқан нұсқа бойынша жазылса, өзге этнос өкілдері қазақ тілін тез әрі еркін меңгерер еді.

Жасыратыны жоқ, елімізде «Астана», «Алматы» сынды бірнеше арна таңертеңгілік сағат 6.00 мен 8.00-де және кешкі сағат 18.00 мен 21.00 аралығында қазақша хабар-ошар көрсеткен болады. Қалған уақыттағы көрсетілімнің басым көпшілігі орыс тілінде. Бұл жағын Ақпарат және коммуникация министрлігі елеп-ескеріп, өзгерістер енгізіп, қазақ тілінің мәртебесін асқақтатса деймін.

Олжас Сулейменов бір кездері Алматы атын Алма-ата қылып қайта өзгертуді айтқан еді. Ол кісі Алматы шаһар атына тиіспей, атам заманнан орысша аталып келе жатқан Павладарды – Кереку, Петропавлды – Қызылжар деп өзгерту жағын неге айтпады деген ойда қалдым өз басым. Мұндай істерді осы уақытқа дейін келешектің еншісіне қалдырып болған шығармыз. Осы жағын ойланайық.

Қандай олқылықтың да орнын толтыруға болады. Ең бастысы – ұлтымыз қазақылықты сақтап, кемшілікке жол бермесе екен. Халық үніне құлақ асу қажет.

Ахат ҚАНАҒАТҰЛЫ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.