Талдықорған: +4°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ХАБАР» АҒА АТАНҒАН ЖУРНАЛИСТ

15.07.2019
РУХАНИЯТ
"ХАБАР" АҒА АТАНҒАН ЖУРНАЛИСТ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналист – халық пен биліктің арасын жалғастырушы. Көбінесе ел-жұртының қамын ойлап, жел жағында жүреді.  Кез-келген тілші – қайраткер.  Көптің тілеуін тілеп,  жоғын жоқтап, керек жерде қасынан  табылады.

«Хабар» агенттігінің   Алматы облысындағы меншікті тілшісі  Тілеуқабыл Мыңжасар ауыл жұртының  бар-жоғын түгендеуші десек, артық айтпаған болар едік.  Өткен ғасырдың 98-ші жылы облыстан «Хабар» арнасының қосыны ашылды.  Оған республикалық телеарнадан меншікті тілші болып, бүгінде ел-жұрт  «Хабар аға»  деп атап кеткен Тілекең келді.  Тоқырау жылдары қараусыз қалып,  әлеуметтік-экономикалық жағы әлсіреп кеткен облыста атқарылар жұмыс көп еді. Сол ауқымды шаралардың іске асырылуына, ауылдардағы жоқ-жітікті түгендеуге бұқаралық ақпарат құралдары да көп еңбек сіңірді. Сол тілшілердің көшін бастап,  су мен жолдың салынуы және   ел еңсесінің көтерілуін тілеп Тілеуқабыл Мыңжасар да 21 жыл облысқа еңбек сіңірді.
«Хабар аға» құрметті демалысқа шықты.  Облыс  жұрты  көптің тілеуін тілеуші қаламгерді    ханша құрметтеп,  мерейін тасытты. Облыс орталығындағы  Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында  ғұмырының 40 жылдан астам уақытын  бұқаралық ақпарат құралына арнаған тілшіге арнап, облыстық әкімдіктің қолдауымен, кеш өткізілді. «Жетісу – жүрегімде» атты кешті танымал ақын Жұматай Оспанұлы жүргізді. 
Тілекең  журналистік қызметте жүріп, ел мен жердің жайын айтқан он мыңнан аса сюжет жасаған. Тілеуқабыл аға – Қазақстан Республикасы Президенті грантының иегері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Нұр-сұңқар» сыйлықтарының лауреаты, Алматы облысының Құрметті азаматы. Кеште аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы сөз сөйлеп, Тілекеңнің облысқа сіңірген еңбегіне алғыс айтып, шапан жапты. Тілекеңді құрметті демалысқа шығуымен құттықтап жан-жақтан жеделхаттар келген екен.  Жүргізуші кезегімен соларды оқып, тілші еңбегінің жемісін еселей түсті. Салтанатты басқосуға «Хабар» агенттігінің ұжымы арнайы  келіп, ыстық ықыласын білдірді.
Кеш барысында журналистің Алматы облысының Талдықорғанға көшіп келген сәтінде түсірген сюжеті  көрсетілді. Осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы қаланың көрінісі сүреңсіздеу. Үйлері, ғимараттары ескірген. Көшелері шұрық тесік.  Сюжетті тамашалай отырып, содан бергі кезді еріксіз еске аласың. Бүгінде көптің тілеуі, Үкіметтің қолдауы, аймақ басшыларының еңбегі,  халықтың күшімен шаһар адам танымастай өзгерген.  Сырттан келген кез келген қонақ қалаларың қандай әдемі, таза, жас талмен көмкерілген деп таңдай қаққанын естіп келеміз. Болашақта қаланың бас жоспарындағыдай  кіреберісінде құрылысы басталған жеңіл атлетика ғимараты, жүзу бассейні қолданысқа берілсе бұдан да  жақсара түсетініміз сөзсіз. 
Келесі көрсетілген сюжет Қызылағаш жайлы болды. Су шайған ауылдың орнына жаңа үйлер салынуда. Ауылға инфрақұрылым тартылып, тілсіз жау жұлып кеткен көпір қалпына келтірілуде. Ағып кеткен үйлердің орнына жаңа баспаналар тұрғызылуда.  Қызу тірлік. Қарадомалақтар қаннен-қаперсіз құм үстінде ойнап жүр. Ауыл халқы жан-жақты қамқорлыққа алынған. Істің басы-қасында бүгінгі облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы жүр.  Сюжет соңында әлі бұл жер адам танымастай жаңаратынына тілші сенім білдіреді. Сюжетті көріп отырып, бүгінгі Қызылағашты көз алдымызға келтірдік.  Көптің тілеуімен су шайған  ауыл көркейіп, жаңарып, гүлденді. Міне, журналистің еңбегі.  Жақсылыққа үндеуші, ынта-жігер беруші. Журналист уақыт тауып көпшілік оқырманға арнап, «Жаһанды жаулаған жанр» атты кітап жазған еді. Онда жас журналистерге тәлім-тәрбие, мамандыққа баулу барысында  тағылымдық мақалалар жазылған.  Бүгінгі кеште   Тілеуқабыл Мыңжасардың   «Хабар- аға» және оның қалжыңдары» атты жаңа  кітабының тұсауы кесілді. Басылымға автордың ел аузында жүрген әзіл әңгімелері мен үзеңгілес достары, шәкірттерінің  ойтолғамдары енгізілген. 
«Хабар аға» кеш соңында  әріптестеріне ағынан ақтарыла сөз арнады. «Өзім жұмыс істейтін «Хабардың»  танымалдығын арттыру үшін барымды салып еңбек еттім. Сондықтан да шығар, «Хабар аға» атанғаным. Ал телеарна мені танымал етті.  Соңымнан ерген әріптестеріме менің жолымды берсін»,– деп ағынан жарылды.
Бұл – қазақ журналистикасының тойы деп қабылдадық.  Тілекеңнің көптеген бұқаралық ақпарат құралындағы әріптестері  мерейтойға біркісідей атсалысты.  Халықтың әр тілегін, пейілін өздеріне арналғандай қабылдады. «Хабар аға» тойы – журналистика мен журналистердің мерейін тасытты.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Он сегізде от кешкен

Он сегізде от кешкен

05.02.2026
«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026
Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

05.02.2026
Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

05.02.2026
Келешек инвестициясы

Келешек инвестициясы

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.