Талдықорған: +21°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАЛҚЫНЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТІ

27.12.2022
РУХАНИЯТ
ХАЛҚЫНЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Тау алыстаған сайын биіктейді», – деген дана халқымыздың ұлағатты сөзі еліне елеулі, жұртының қамын ойлаған, жұрттың қамын өз ісінен жоғары қойған азаматтарға арналғаны хақ. Сондай жанның бірі – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Түрген ауылының дамуы мен көркеюіне орасан зор үлес қосқан Абыхан Жексембеков еді.
Ел-жұрты Абыхан Аманбай­ұлы дегенде ең алдымен оның артына қалдырған игілікті істерін, азаматтығын еске түсіреді. 1994 жылға дейін Түрген ауылында қазақ мектебі болмаған еді. Сол кездегі ауыл әкімі Абыхан Жексембеков «Ауылға қазақ мектебін ашу керек» деп жоғары жаққа тынбай ұсыныс жасайды. Мақсаты – қазақ мектебін ашып, болашақ жастарды білім нәрімен сусындату. Білім басқармасының табалдырығын тоздырып, бастаған ісін аяғына дейін жеткізгенінің арқасында әр ауылға шашырап оқыған 100-ге тарта баланың басы қосылып, 1994 жылы Түргенде қазақ мектебінің тұңғыш қоңырауы соғылады. «Тәуелсіздіктің жемісі» іспеттес болған Түрген қазақ орта мектебінің бүгінде өзіндік тарихы бар. Заманауи білім ошақтарымен иық тіресіп мыңдаған оқушыны болашаққа аттандырды. Бүгінде шәкірттері ел игілігі үшін қызмет істеп жүр. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қаңтардағы №54 қаулысымен Түрген қазақ орта мектебіне Абыхан Аманбай­ұлы Жексембековтың есімі берілді. Мектепте жыл сайын 1-ақпан күні Абыхан Аманбайұлын еске алу мақсатында түрлі кештер мен кездесулер, ғылыми әдістемелік конференциялар өткізу дәстүрге айналған. 
Осы орайда Абыхан ағаның ел айтып, аңыз қылып жүрген тағы да бір азаматтық ісін жаза кетейік. Қазақтың біртуар ұлы, заманның заңғар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың әке-шешесі 30-шы жылдары Түрген ауылында тұрады. Димекеңнің өз халқына жасаған жақсы істері қашанда ел есінде, оның ұлағаты қазақ деген халық бар жерде мәңгі жалғасын таппақ. 
Тәуелсіздіктің таңы атып, ел өзінің ұлы тұлғаларын ардақтап, көше, ауыл, мектеп атауларын бере бастаған кез еді. Сол тұста ауыл әкімі болған Абыхан Аманбайұлы Түрген ауылындағы Ленин атындағы орта мектептің көзі тірісінде-ақ Дінмұхамед Қонаевтың атымен атауға бел шеше кірісті. Ауылдастар қолдады. Белсенді үлкен-кішіні жиып, Димекеңнің келісімін алуға арнайы делегация жіберді. 
Мектепке атын беретін үлкен салтанатты жиынға Қонаевтың өзі келіп қатысты. Жиын кезінде Түрген халқы ғана емес, ауданның әр жерінен ағылып жатқан халықта есеп болмады. Бұл ол кісіге жасалған зор құрмет еді. Мектептің аты беріліп, арты үлкен тойға ұласты. 
Мына бір дерекке көз жүгіртсек, ірілік те, игілік те байқалады. «Біз қазақ халқының ардақты адамы Димаш Ахметұлы Қонаевтың отбасы атынан Түрген ауылының азаматтарына зор рахмет жолдаймыз. Өйткені біздің әке-шешеміз 1932-1933 жылдары Түрген ауылында тұрып, еңбек етті. Қазір Түрген ауылының бір көшесі мен бір мектебі Димаш Ахметұлының атымен аталады. Бұл іске белсенділік көрсеткен ауыл әкімі Абыхан Жексембековке көп рахмет. Мерейтойы құтты болсын, бәрі жақсылыққа жалғаса берсін», – деп Димаш атаның кенже қарындасы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы Роза Ахметқызы Қонаева жылы ықыласын Абыхан Аманбайұлының 60 жасқа толу мерейтойына жолдаған еді.
«Өз елі, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп І. Жансүгіров айтқандай, кешегі өткен ел ағаларының есімдерін жаңғыртып қана қоймай, туған жерге еңбек сіңірген, ұрпақ қамын ойлаған азаматтарды ардақтау, бағалау біздің парызымыз. 

Рысгүл ШАЛҒЫМБАЕВА, 
А. Жексембеков атындағы қазақ орта мектебі

директорының орынбасары
Еңбекшіқазақ ауданы
 Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.