Талдықорған: +26°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАС ТАЛАНТ РУХИЯ БАЙДҮКЕНОВАҒА ЖЕРЛЕСТЕРІ СУ ЖАҢА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

25.08.2021
РУХАНИЯТ
ХАС ТАЛАНТ РУХИЯ БАЙДҮКЕНОВАҒА ЖЕРЛЕСТЕРІ СУ ЖАҢА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ ХХХ халықаралық «Витебсктегі славян базары» көркемөнерпаздар фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенованы қабылдады. Еске салсақ, байқауға аттанбас бұрын аймақ басшысы талантты әншіні қабылдап, сәттілік тілеген еді. Туған елге жеңіспен оралған Рухия өз жетістіктерімен бөлісіп әрі қолдау білдірген облыс басшылығына алғысын білдірді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Кездесу барысында Амандық Баталов бойындағы талант пен еңбекқорлығының арқасында Рухия Қазақстанды халықаралық аренада танытқандығын айтты.

— Осы байқауда жеңімпаз атанды дегенді естігенде қатты қуандым. Бұл — үлкен жетістік. Қазақстанды әлемдік деңгейге таныта білдің. Бойыңдағы талантыңа сөз жоқ. Еңбек пен алдыға деген ұмтылыс сені жеңіс тұғырына көтерді. Байқау алдында кездескенімізде өзіңе шын көңілден сәттілік тілеп едім. Тілегімнің орындалғанына қуанып отырмын. Есімдері тарихта алтын әріптермен жазылған Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев есімді ұлы талант иелері сияқты биік белестерден көріне бер. Өзіңнің ерекше табиғи дауысың арқылы көптің жүрегін жаулап, шыңдарды бағындырғайсың. Бұл сенің қолыңнан келетініне сенімдімін. Бойыңдағы ұмтылыс пен болашаққа қойған мақсатың айқын. Оның үстіне талантты, еңбекқор жассың. Біз шын көңілімізден сенің жеткен жетістігіңе қуанамыз. Мақтан етіп қана қоймай, сәттілік серік болатынына сенеміз, — деді өз сөзінде А.Баталов.

Қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірген Рухия Байдүкенова жеңіс тұғырынан көрінуіне не себеп болғанын әңгімеледі.

— Алғашқылардың бірі болып өзіңіз қолдау көрсеттіңіз. Маған артылған сенімді ақтай алғаныма қуаныштымын. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде осы халықаралық көркемөнерпаздар фестивалінде 3 рет Гран-При иегері атаныпты. Үшіншісін мен ұттым. Елім үшін мерейлі жылы өнерімді көрсетіп, жеңіске жеткенім кеудеме мақтаныш сезімін ұялатады. Маған менің сахнада өнер көрсетіп үйренген тәжірибем көп көмектесті. «Талдықорған әуендері» ансамблінің құрамында сахнада өнер көрсеткенмін. Бұл бойымдағы қобалжуды жеңуге септігін тигізді. Талдықорғандықтардың маған деген сенімі күш беріп, жеңіс тұғырына көтерді. Сол себепті жеңімпаздарға берілген мүсіншені, Амандық Ғаббасұлы, өзіңізге табыс еткім келеді, — деді әнші.

Өз кезегінде Амандық Баталов статуэтканы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сақтауға тапсырды.

Кездесуде Рухияның вокал бойынша ұстазы Серікжамал Әжібекова сөз алып:

— Зейнеткерлікке шыққан соң жұмысымды әрі қарай жалғастыруды ұсынды. Өнер мектебінде талантты шәкірттерді тәрбиелеуге арнайы сынып ашылды. Сол таланттылардың ішінде Рухия да болды. Ол еңбекқорлығымен және өнерге деген ынтасымен ерекшеленді. Таң атысынан кештің батысына дейін тек сабақты ойлайтын. Оның осы қасиеті халықаралық конкурста жеңімпаз атануына серпін болды. Мен оның жетістігін әрі ұстазы болғанымды мақтан тұтамын, — деп атап өтті әншінің ұстазы.

Өзінің алған әсерімен белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан да бөлісті.

— Рухия конкурсқа қатысатын уақытта оның қолында ұшақтың билеті ғана болды. Амандық Ғаббасұлы, сіздің тарапыңыздан көрсетілген көмек пен қолдау оның ерік-жігерін нығайтты. Жерлестерінің қолдауы оның күшіне айналып, жеңіске жетеледі. Алматы облысында мәдениет саласына көп көңіл бөлініп жатқандығы қуантады, — деді Қ.Досжан өз сөзінде.

Аймақ басшысы Амандық Баталов атап өткендей, мәдениет саласын дамытып, қолдау көрсету — мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі.

— Біз талантты жастарымызға әрдайым қолымыздан келген көмекті көрсетіп, қолдауға ұмтыламыз. Мәдениет саласын дамытуға, материалды-техникалық базаны жаңартуға, ансамбль штатын кеңейту, киім-кешек, құрал-жабдық сатып алуға жыл сайын бюджеттен керекті қаражат бөлініп отырады. Бұл өз кезегінде жаңа талант иесін табуға сеп. Өйткені, біздің Жетісу өлкесінің қай баласын алып қарасаң да, тума талант иесі, — деді А.Баталов.

Соңынан Рухия Байдүкенова жерлестерімен кездесті. Талдықорған қаласының меценаттары мен кәсіпкерлері оған «Hyundai” маркалы автокөлігін сыйға тартты. Сондай-ақ, Рухияның ұстазы Серікжамал Әжібекова мен қолдаушысы Қымбат Досжанға бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. Талдықорғандықтар талантты жастың өнеріне деген сүйіспеншілігін осылайша білдірді.

Талдықорғандық кәсіпкерлер мен меценаттар атынан Ақшабай Керімбеков сөз алып:

— Барлық талдықорғандық сенімен мақтанады. Сенің талантың әлемдік деңгейде мойындалды. Бұл жерде ұстаздарыңның да еңбегін атап өткен жөн. Енді сені барлығы таниды. Бұл жеңістеріңнің бастамасы ғана деп білеміз. Алда бұдан да биік шыңдарды бағындыратыныңа сенеміз, — дей келе, көлік кілтін табыстады.

Еске сала кетсек, Рухия Байдүкенова вокалмен 9 жасынан бері айналысып келеді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «эстрадалық вокал» мамандығының білімгері. Көптеген ән конкурстарының лауреаты. Рухияның дауыс диапазоны — бес октав.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.