Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ИГІ ІСТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

10 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұғалімнің мұңы мен мұқтажын бөлісіп, әрдайым демеу болатын кәсіподақ ұйымы өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолында қыруар жұмыс атқаруда.

«Қуанышты бөліссең көбейеді» демекші, биылғы оқу жылы облыс ұстаздары үшін жағымды жаңалықпен басталып, алғаш рет медициналық тексеруден тегін өтті. Ұзақ жыл шешімін таппаған мәселені білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы көтеріп, облыстық бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал етті. 
Жағымды жаңалық жалғасын тауып, Елбасы Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жобасын әзірлеуді ұсынды. Осы тұста, халық ақыны Әбділда Тәжібаевтың «Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интеллектісін көтеруі керек,  дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек», – деген сөзі еріксіз еске түседі. Бұл заң бізге және біздің мүддемізді қорғауға қажет. Сондықтан қоғамдық бірлестік аталмыш заңның қабылдануына атсалыспақ ниетте мұғалімдердің ұсыныстарын өңірлерден жинақтап, жоғарғы орындарға жолдады.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жұмысшы жастар арасында кәсіподақ қозғалысын насихаттау, оларды кәсіподақ мүшелігіне тарту мақсатында Жол картасын әзірлеп, кәсіподақ жастарының белсенділігін арттыруда. Осы бастаманы қолдап, Талдықорған аумақтық ұйым және оған қарасты барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері жанынан жастар кеңесі құрылды. Қазіргі уақытта кеңес өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргізіп,  жастардың педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге, бос уақытын тиімді өткізуге,  мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік туғызды. 
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік  одағының ұйымдастырған шарасына республиканың түкпір-түкпірінен белсенді жастар жиналып, шілде айында Ақтау қаласында бас қосты. Тәжірибе алмасуға мұрындық болған шара аумақтық ұйымның жастарына серпін берді. 
Көп ұзамай,  жастар  кеңесі  Мұғалімдер  күні  мерекесі  қарса-ңында бала күтіміне байланысты демалыстағы ұстаз аналарға көңіл бөліп, «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» отбасылық байқауын өткізді. Отбасылық байқауда мұ-ғалімдердің 1-3 жас аралығындағы балалары жас айыр-машылығына қарай еңбектеп, белгіленген қашықтықты көлікпен жүріп, шашылған шарларды себетке жинап, өзара бақтарын сынады. Жеңімпаздар Талдықорған аумақтық ұйымының ақшалай сыйлығы және дипломдарымен мара-патталды. Басқа қатысушы отбасыларға да номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар табысталды. 
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жарғы кәсіподақ мүшелерінен қолдау тапты. Ескелді ауданындағы 200-ден астам жас ұстаз Жетісу өлкесінің жастарына Үндеу жариялап, Елбасының Жолдауын қолдауға шақырды. 
Дәл осындай шараны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы да ұйымдастырды. 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен форумға Талдықорған аумақтық ұйымының атынан жас мұғалімдер қатысып қайтты. 
Бұл тек жас ұстаздармен жүргізілген бір жыл көлеміндегі жұмыс. Айтылмаған,  жазылмаған дүние көп. Қорыта келгенде, Талдықорған аумақтық ұйымы әрдайым игі істің басы-қасында жүріп, мұғалімдердің үніне үн қосып, жәрдемшісіне айналды. Алдағы уақытта да кәсіподақтың осындай өнегелі ісі жалғасын таба береді деп білеміз. 

Қ. ҚУАНЫШБАЕВ, 
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық
ұйымының жанынан құрылған жастар кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Ізі айқын, жүзі жарқын

Ізі айқын, жүзі жарқын

Бүгін, 11:00
Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32
Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.