Талдықорған: +36°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ӘКЕ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ» (Үзінді)

03.09.2023
РУХАНИЯТ
«ӘКЕ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ» (Үзінді)
WhatsAppTelegramFacebook

«…Шығармашылық қарымын әкем ешқашан асыра бағалаған емес. Табиғи қарапайымдылық пен тектілігінен шығар, басқа кейбір қаламдас әріптестері сияқты өзін өзі мақтау мен кітаптарын насихаттаудан аулақ ұстады. Бос мақтан жазушыға абырой әпермейді деп санайтын. Таңдаған жанры көпшілік оқырманға арналғандықтан ешқашан дәстүрлі классика қатарына енбейтінін жақсы түсінді. Хаттарының бірінде ол, ең алдымен, қалың оқырман қауымға, сондай-ақ «өз балаларына» жазғанын айтыпты. Үміт пен сенімі алдамапты. Оның шығармаларын қарапайым адамдар, сондай-ақ, эпистолярлық жанрға қатысы барлар да ұмытқан жоқ. Елімізге кең танымал «Қазақ әдебиеті» газетінде (2008 жылғы 22 тамыздағы саны) жазушы-журналист Рахметали Асылбектің (Қазақ детективі қай деңгейде?» деп аталған қызықты мақаласы жарық көрді. Мақалада жазушы Мағира Қожахметова былай деп еске алады: «Қазақ детективі дегенде ең алдымен Кемел Тоқаев есімі ойға оралады. Қалай құмартып оқитын едік, шіркін!». Бұл кісінің айтуынша, К. Тоқаевтың шығармалары нақтылы тағдыр, қым-қиғаш мазмұн, қайран қалдырарлықтай оқыс шешіммен баурайтын. Адам жанының жылуы асқақтығымен астасып, ерекше әсер қалдыратын. Ал, ардагер журналист Әтина Жәкетова: «Қазақ детективін қалыптастыруда Кемел Тоқаевтың көп еңбектенгенін білемін. Шығармаларын қызыға оқығанбыз. Қаламгердің бір қасиеті – шыншыл, турашыл адам еді», – деп атап өтеді. Қазіргі жас буын өкілі, Өнер институтының студенті Салтанат Жарқынбекова мынандай пікір білдіріпті: «Әрине, кітапты жиі оқимын. Маған, әсіресе тарихи тақырыпта жазылған көркем шығармалар ұнайды. Детективтерді де оқығанмын. Бірақ К. Тоқаевтан басқа бұл тақырыпқа арнайы қалам тартқан қазақ жазушысын білмеймін. Қазақ тілінде жазылған мұндай шығармалар жоқ сияқты. Дүкен мен кітапхана сөрелерінде тек шетел жазушыларының орыс тіліндегі кітаптары немесе солардың қазақша аудармалары ғана тұрады».

Мақала авторының өзі Рахметали Асылбек қазақтың детективті әдебиетінің қазіргі жағдайын және оны шетелдік әдебиетпен салыстыра талдай келіп, тап Кемел Тоқаев біздің әдебиетімізде осындай танымал жанрдың бар екенін бүкіл әлемге паш етті деп тоқталады. Жазушының кең танылған туындысы «Сарғабанда болған оқиға» негізінде мақала иесі шырғалаңды оқиғаның шешімі милиция тергеушілерінің кәсіби жұмысымен сәтті үйлесім тапқанын баяндай отырып,К. Тоқаевтың шығармашылығы аты аңызға айналған Шерлок Холмс туралы кітаптың авторы Конан Дойлдан ешбір кем емес деген тұжырым жасайды.
Әрине, мен Кемел Тоқаевтың шығармашылығына жоғары баға берген авторлардың барлығына ризамын. Баспасөз жарияланымдарынан басқа мен әдебиет-сүйер қауымнан көптеген хаттар аламын. Олардың барлығы әкейді ұлттық әдебиетімізді қызықты детектив жанрымен байытқан өзіндік қолтаңбасы бар қарымды қаламгер ретінде ілтипатпен еске алады. 

Жазушының туған халқына деген ерекше махаббаты лайықты қайтарымын тапқандай, өмірінің соңына дейін еліміздің қай өңіріне барса да сый-құрметке бөленді. Мемлекеттік мұрағатта түрлі облыстарға жұмыс сапарымен барғанда түскен фотосуреттері сақталған. Олардың бәрі жазушы Кемел Тоқаев пен оның мыңдаған оқырмандарының өзара ықыласының айнымас куәсіндей қала бермек. 

Ол қазақ әдебиетінің марқасқалары – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтарға ерекше құрметпен қарап өтті. Олардың шығармалары уақытқа бағынбайтын дара тұлғалар дейтін. Қазіргі заман жазушыларының ішінде Әбділдә Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевты бөліп айтатын. Бірде мен оның «Қазақ әдебиеті» газетін беріле оқып отырғанын көрдім. Сол кездің көкейкесті мәселелерінің біріне жазылған Ә. Тәжібаевтың мақаласы екен. Мақала туралы пікірін сұрадым. Сонда қазіргі жазушылардың ішінде өз ойын Әбділдәдай әсерлі де әдемі жеткізетін, поэзия мен прозаға бірдей қуаттылары шамалы деп жауап бергені бар. Ал Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын тарихилығы және философиялық тереңдігі үшін жоғары бағалайтын.

Әкей білім мен ағартудың қайнар көзі ретінде кітаптарға аса мұқият қарады. Басында баспана жоқ, қаражат жағы қинап тұрса да кітаптан ақшаны аямады. Бұл әдетін өмірінің соңына дейін жалғастырды. Соның арқасында біздің үйде көптеген қызықты кітаптар жиналды. Мен оларды мерзім сайын қайталап оқып, ата-анамның көзі тірі кездерін еске аламын. Асылы, әкем мен шешей осынау қымбат байлықтың мәнін нақты түсінсе керек, енді ол кітаптар о дүниелік болған марқұмдармен біздің арамызды мәңгілік жалғап тұрған алтын арқауға арналды. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.