Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КЕГЕНДЕ МАЛ ҚЫРЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР ҚОЖАЛЫҚ КЕТСІН ДЕГЕН ТАЛАП ҚОЙДЫ

26 қаңтар 2021
РУХАНИЯТ
КЕГЕНДЕ МАЛ ҚЫРЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР ҚОЖАЛЫҚ КЕТСІН ДЕГЕН ТАЛАП ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданында 50-ден аса мал қырылып қалды. Кеген аудандық әкімдігінің «Қазақпаратқа» берген хабарламасына сүйенсек, аяғы аспаннан келіп жатқан ірі қараларға қарасан тиіп, пастереллезден өлген. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетінен қырылып жатқан мал Бөлексаз ауылындағы жеке шаруашылыққа тиесілі. Әкімдік қазір бұл шаруа қожалығы карантинге жабылғанын, ондағы мың басқа егу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

— Облыстық зертхананың қорытындысы бойынша қарасан, пастереллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Осы уақытқа дейін 19 бас қарасан ауруынан өлді. Ал алдындағы бізге хабарламай өлген 34 мал басы ветеринарлық мамандардың қатысуымен Бөлексаз ауылындағы мал өлексесі тасталатын жерге тасталды, — деді Кеген аудандық ветеринария станциясының директоры Қабыл Төкенов. Ал ауыл тұрғындары өлекселердің көзін жою дұрыс жүргізілмеді деп дабыл қақты.

— Мына ауылдың айналасындағы бүкіл су, қардың суы осылардың қожалығы арқылы өтеді. Мыналар тура су ағатын жерге салған. Бұлардың қидың астына жасырған малдың өлексесінен ауру шығып жатыр. Қашаның астынан су шығып жатыр, күн жылынғанда ол өзенге қосылады. Бүкіл мал ол жерден су ішеді. Малдың сүтін біз ішеміз. Мына ауылда басқа ауру шығады енді. Біз Қазақстанға жаңа ауру түрін алып келеміз бе деп қорқып тұрмыз, — деп наразылық білдірді Бөлексаз ауылының тұрғындары. Тұрғындар қожалық ауылдан көшірілсін, кетсін деген талап қойды.

Ақпараттың анық-қанығын Кеген ауданындағы меншікті тілшіміз тағы да хабарлайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.