Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КЕНТАВР КИЕСІ (ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ)

7 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
КЕНТАВР КИЕСІ (ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ)
WhatsAppTelegramFacebook

Дүлей жел ұшырып әкетпек болған талдағы жалғыз сары жапырақтан көз алмай, айғыз терезе жанында төсек тартып жатқан ақсақал қалтырай түсті. Кенет бөлмеге кіріп келген жігіттің жүзінен жастық шағын көріп, жас баладай жылап жіберді. Ес білгелі Америкадағы Роберттер отбасында тәрбиеленген Мирас еденге тізерлей отыра кетіп, әжім басқан саусақтарды аялап:
– Амансыз ба, ата! Мен бүгін бақыттымын: сізді көрдім. Айтыңызшы, әкем қайда? – деді.
– Ой, айналайын! Қош келдің, көзімнің нұры! Әкең Ауған- станнан соғыс аяқталған жылы келген. Мырыш табытпен!
– Ал, анам ше?
– Шешеңнің саудагер болғанына отыз жылдан асты: сен жатпаған бесікті әлі сата алмай жүр. Сен перзентханадан қолды болғалы көлеңкесімен күндес болып ұрысатынды шығарды. 
– Ата, сіз аяқкиімнің бір жағын ғана тоздырыпсыз ғой. 
– Е-е, фашистердің «арқасы» ғой. Саудагерге екінші аяқ үшін де төлейміз. Қалың қалай, немерем? Шетелдегі әке-шешең адам болуды үйреткен шығар?
– Иә, анам маған шабандоз болуды үйретті. Авиатор әкемнің парашюты ашылмай қалғанда мен он жаста едім. Анам жыл сайын 31 мамырда «Бүгін біздің отасқан күніміз, Мирас, бізді оңаша қалдыршы» деп өзіне бір адамдық үстел дайындайтын. Арғы атасы қыпшақ болған Луиза анам менің түсіме неліктен ылғи сайын дала, шұрқыраған жылқылар кіретінін айтты. Сол сәтке дейін тілім де, жүрегім де америкалық болған еді; қазір тілім– түркіге ортақ, жүрегім  – кентаврдікі.  Анам да екінші өмірін осында өткізбекші: сізге сәлем салуға кезек күтіп тұр.   
  Жалғыз жапырақ үзіліп түскен сәтте ақсақалдың жүзі қуарып қырылдай бастады. 
– Ата, сізге не болды? – деп жанұшыра сұрады Мирас. 
– Жаныма әкең келіп тұр. Ол мені өзімен бірге Асанқайғы армандаған Жерұйыққа алып кететінін айтты. 
    Жігіттің жанары жасқа шыланды. Қарияның аңғалағының ішінде сөніп бара жатқан сәуледен көз алмай: 
– Ол сізге не деді?
– Әке, қара шаңырақтың иесі келді. Жақсы өлдің ғой, – деді. 

А.БАҚЫТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03
Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.