Талдықорған: +22°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Кимешектің де киесі бар

15.07.2023
РУХАНИЯТ
Кимешектің де киесі бар
WhatsAppTelegramFacebook

Ұрпақ тәрбиесінде салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың орны бөлек. Басқасын айтпағанның өзінде бір ғана ұлттық киімінде сұлулық пен өнеге тұнып тұр. Киімінің түсі, ою-өрнегінің өзі «сөйлеп» тұрады. Қазақ қыз-келіншектері еш уақытта бүркемеленбеген, қара жамылмаған. Бүрмелі көйлек, қынама бел камзол киіп, тал бойының сұлулығын сақтай білген. Басына киген киімінің үлгісі жасына сай үйлестірілген.

Көптің алдында ибамен иіліп, әдеппен жүрген.  Қыздар тақия киіп, самайына салпыншақ, бұрымына шашбау мен шолпы тағынған. Ұзатылған қыз сәукеле, әйелдер орамал,  әжелер ақ кимешек киген. Барлығының түсі ашық болған. Себебі, ақ түс жақсылықтың нышаны. Көйлегі де ашық түсті  болып келеді. Бүгінде көптеген қыз-келіншек ұлттық киімімізді киюге көшіп жатыр. Бұған ақ кимешек киген аналар мұрындық болуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, кәсіпкер, продюсер, актриса Айнұр Жүгінісова  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты республикалық қоғамдық бірлестік құрып, салт-дәстүрімізді насихаттауда. Ол өзі бастап кимешек киіп, ұлттық тәрбиені жандандыруды қолға алды. «Бала ұяда не көрсе, соны іледі» демекші, әже атануға құштарлықты солай оятты. Кимешектің киесі зор, жолы жеңіл екенін ол осылайша насихаттап келеді. 

Айнұр Жүгінісова ақ кимешек киген кезден бастап, өмірінде оңды өзгерістер болғанын айтады. Отбасы мүшелерінің саны артып, кәсіпкерлігі жанданып, абыройы бұрынғыдан да артқанын мақтанышпен жеткізді. Яғни, кимешек игілікке бастаған. Енді осының сырына үңіліп көрейік. «Біріншіден, ақ кимешек киген кезден бастап дұрыс сөйлеуге, жасыма сай аталы сөз айтуға бейімделдім.  Денемді тік ұстап,  жүрісімді түзедім. Етек-жеңімді жинап, ақырын жүріп, анық басуға тырыстым,  Киіміммен бірге әйелдік мінезім қайта оралды.

Сыпайы, салмақты,  сабырлы болуды ұстандым. Егер, ұлттық киімге көшсек, мінезіміз де көп өзгеретін еді. Біз қалай киінсек, солай жүреміз. Мысалы, жабысқан шалбар кисең жүрісің де ардың-гүрдің болады.  Себебі, миға еш жерім ашылмайды, көрінбейді, секіріп өте саламын деген  сигнал беріледі. Кимешек киіп алып селтеңдемейтінің тағы анық.  Ұзын көйлек киіп, салпыншақ тағынып, басқа тілде араластырып сөйлеп отырсам, өзіме сын. Сондықтан, ұлттық киім киген адам соған сай  мінез-құлық, ұлттық болмысты қалыптастырады», – дейді ол. 

Айнұр Жүгінісова басқаларды да осы ұстанымға бейімдемекші. Бірлестік жетекшісі қара жамылу қазаққа жат екенін айтады. Қазақ қаралы күнді басынан өткерсе де қара орамал тақпаған. Басы ағарсын, көңілі көтерілсін, қазаның арты қайырлы болсын деп басына ақ орамал таққан. Ағайын-туыс қаралы үйді жұбату шайға шақырғанда ақтық, ақ орамал беріп жіберіп шақырған. Бүгінде жат ағымға ілесіп, бетіне қара шүберек таққандар ұлттық дәстүрді білмегендіктен сондай қадамға баруда. Оны қоғам болып дұрыс жолға салуға тиіспіз. Мұны жастардың санасына сіңіруде әйел-аналар іске кірісу керек. Осы орайда бірлестіктің  атқарып жатқан рөлі зор.

Бүгінде  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің филиалдары Қазақстанның 160 елді мекенінде ашылып, 30 мыңнан астам қыз-келіншек, әже бірлестікке қабылданыпты.  Қолға алған жоспар бойынша барлық өңірде  іс-шара өткізілген.  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы Жетісу облысында да ашылды.  Оған журналист, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлназ Мұстафа жетекшілік етуде.

Көптің көңілінен шығып жатқан бастама жайлы әріптесіміз Гүлназдан сұрап, білген едік.  «Облыстық әкімдіктің қолдауымен Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Татулық пен бірліктің бұзылмасын қаймағы» атты  іс-шара ұйымдастырдық.  Тәрбиелік  іс-шараға танымал  журналист, ақын Әміре Әрін арнайы келіп, ақ жол тілеп,  батасын берді. Батамен басталған іс-шара аясында «Абысын тату болса…» атты абысындар байқауы өтті. Оған бір әулеттің абысындарынан құралған бірнеше топ қатысты. Олар әртүрлі дәстүр бойынша сынға түсті. Келіндік міндеттерін қалай атқаратынын дәлелдеді. Мұнда абысындардың ауызбірлігі, татулығы, іскерлігі, жауапкершілігі сыналды.  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Жетісу облысының филиалы мен Текелі қаласының әкімдігі бірлесіп,  Айнұр Жүгінісова мен текелілік қыз-келіншектер арасында  кездесу ұйымдастырды. Текелі қаласының 8-орта мектебінің мәжіліс залында әйел адамның ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне қатысты  мәселелер талқыланды. Ер адамды қадірлеу, отбасындағы әкенің орнын қалыптастыру, қыз баланы ана болуға тәрбиелеу тақырыбында Айнұр Жүгінісова өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Төрт  ұлға тәрбие беріп,  салт-дәстүрді бұлжытпай орындап, кәсіпкерлік пен қоғамдық жұмыстарды жақсы нәтижемен алып жүрген Айнұр Жүгінісова «Қазақ анала-ры – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Текелі қалалық филиалын ашты. Енді бұл қоғамдық бірлестіктің дәстүрді дәріптеу, насихаттау жұмыстары Текеліде де тұрақты түрде жалғасын табады», – дейді әр ұлттан құралған қалада ұлттық тәрбие беруге баса назар аудару керектігін айтқан Гүлназ Мұстафа.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ұшан-теңіз шаруа атқаруда. Бір қолымен баланы, екінші қолымен әлемді тербететін аналардың қоғам тәрбиелеуде  атқарар рөлі зор. Ендеше, біреудің қаңсығын таңсық қылмай, өзіміздің өнегеге тұнған салт-дәстүрімізді бойымызға мықтап сіңірейік. 

Гүлжан ТҰРСЫН
 

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.