Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ: «ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ ОҚЫМАЙМЫН, ТЕЛЕДИДАРҒА УАҚЫТ ЖОҚ»

28 қазан 2019
РУХАНИЯТ
ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ: "ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ ОҚЫМАЙМЫН, ТЕЛЕДИДАРҒА УАҚЫТ ЖОҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі журналист Болат Абаған өзінің «Facebook» парақшасына бұқаралық ақпарат құралдарының қажеті шамалы деп өзеуреген әкім орынбасары туралы ашына пост жазды. Журналистердің жұмысын жоққа шығарған әкім орынбасары онымен қоймай, газет-журнал оқымайтындығын, тіпті, теледидар да көрмейтіндігін алға тартқан.

«Бір әкімнің идеология жөніндегі орынбасары: «Газет-жорнал оқымаймын, теледидарға да уақыт жоқ. Бар жаңалықты әлеуметтік желіден естимін. Осы дәстүрлі БАҚ қаншалықты қажет?» — деп айды аспанға шығарыпты. «Газет- халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді айтқан қайран Ахаң мұны естісе, естен танар еді. Бір аймақтың идеологиясына жетекшілік етіп отырған жанның сиқы осы! Әлеуметтік желілердің асыра сілтеуі мен журналист бола алмай қалған блогерлерді әулие тұтқан басшының ойы жақсылыққа апармасы анық», — делінген көптің талқылауына түскен жазбада.

Пост бойынша пікір білдірушілердің басым көпшілігі әкім орынбасарының рухани жұтаңдығын сынға алса, енді бір бөлігі шындықты айтыпты десіп жатыр. Пікір жазғандардың қатарында «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан ойланбай сөйлеген орынбасарды: «Нағыз бейшара екен», — десе, Динара Мыңжасарқызы бастаған бір топ желі қолданушылары аты-жөнін атап, түсін түстеуді сұраған.

Көп талқысына түскен жазбаны «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев та назарға алып, халықтың санасы өзгергенін, шетелдің ықпалы да жоқ еместігін көп нүкте арқылы астарлап жазып, соңында бәріне өзіміз кінәлі екенін жеткізген.

Ал соңғы кезде әлеуметтік желіні белсенді қолданып жүрген кәсіпкер, ауылшаруашылығының маманы Алмасбек Садырбаев не де болса, әкім орынбасары шындықты айтқанын, газет-журнал өткен шақ екенін, тіпті, «Нью-Иорк Таймс», «Уашингтон Пост» секілді әлемдік басылымдардың қағаз варианты құрдымға кеткенін нық сеніммен жазған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.