Талдықорған: +6°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КОВОРКИНГ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

22 қаңтар 2019
РУХАНИЯТ
"КОВОРКИНГ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Іле ауданының Н. Тілендиев ауылындағы №26 орта мектебінде ІТ сынып және Боралдай ауылдық кітапханасында «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті. 

Ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы, мәслихат хатшысы, депутат Роза Абилова, аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Каткеева және округ әкімі Данияр Казербаев қатысты.
– Жаңа ІТ сыныпта оқушыларымыз қазіргі заманғы ІТ технологияларды қолданумен қатар бағдарламалау негіздерін, робототехниканы тереңдеп меңгеріп, қарапайым алгоритмдерді жасау, бағдарламалар мен WEB-сайттар, компьютерлік ойындар, анимациялар құру дағдыларын үйрену мақсатында тегін қосымша сабақтарға қатыса алады, – деді партия белсендісі Роза Михаилқызы.
«Коворкинг» орталығының ашылуында сөз алған Іле аудандық кітапханасының директоры Мейрамгүл Жабиева «Нұр Отан» партиясының бастамасымен отандық кітапханалар заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрылып, олардың жұмысын жандандыру ісі де қолға алынып жатқанын атап өтті. Нәтижесінде, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшірілмек. Бұл жүйеге мәдениет саласына қарасты кітапханалармен қоса барлық мектеп және университет кітапханалары да қосылатын болады. Боралдай кентіндегі аналар кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаева: 
– Орталықтың есігі кез келген жанға ашық. Мұнда келушілерге барынша жағдай жасалынып, тегін ғаламтордан бастап жайлы орындарға дейін қарастырылады. Демек, бұл орталықта жастарға бизнес, оқушыларға шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы озық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасалмақ, – деп ой бөлісті.
Салтанатты шара қонақтарға арналған ән-шашумен жалғасты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

 

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.