Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Кәсіпкер салған стадион

14 маусым 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде «Туған жер» бағдарламасы аясында көптеген игілікті іс қолға алынуда. Өз ауылын өркендетуге атсалысып, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген жомарт жандар аз емес. Сондай асыл азаматтардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданында тұратын белгілі кәсіпкер Руслан Қалиев. Жуырда ол өз қаражатына Ташкенсаз ауылының тұрғындарына стадион салып берді. 

«Туған жерге туыңды тік» деген қағиданы берік ұстанған кәсіпкердің бұл игі ісіне тек ауыл жұртшылығы ғана емес, аудан халқы да дән риза болды.
Руслан ағамыздың балдәурен балалық шағы Ташкенсаз ауылында өтіпті. 1958 жылы әкесі Әбдібек Қалиұлы қызмет бабымен осы елді мекенге көшіп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагері, білікті маман Әбдібек ата  ауылдың бас есепшісі қызметін абыроймен атқарады. 
 «Әке көрген оқ жонар» демекші, Руслан ағамыз да үлкендердің өнегесі мен тәлімдерін бойына дарытып, өмірлік қағидасына айналдырады.  Жоғары оқу орнын ойдағыдай бітірген жас маман алғашқы еңбек жолын Бәйтерек ауылындағы автобус колоннасында жұмыс істеуден бастайды. Қажырлы еңбектің арқасында қарапайым жұмысшыдан басшылық қызметке дейін көтеріледі. 1989-1998 жылдары Есік автобус паркінде директор болып жемісті еңбек еткені соның бір дәлелі. Есік қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен жылдары да ол өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындады. Аудандық мәслихат депутаттығына сайланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. 
Жасы келіп зейнеткер атанса да қол қусырып қарап отырған жоқ. Жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Жақсы нәтижелерге жетіп келеді. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы ретінде ел қошеметіне бөленуде. 
Стадионның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов кәсіпкердің ауылға деген қамқорлығы жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті. Туған жеріне, өскен өлкесіне деген перзенттік парызын ізгі ісімен дәлелдеген Руслан Қалиевке жұртшылық атынан зор  ризашылығын білдірді.
Стандартқа сай жасалған стадионның көрінісі көз тартады. Ауыл ажарын одан сайын аша түскендей. Футбол алаңындағы теп-тегіс болып өскен газон шөптеріне қарап сүйсінесің. Жанкүйерлерге арналған орындықтар да өз үйлесімін тапқан. Бір сөзбен айтқанда, аталған стадион ауыл спортының жандануына ерекше ықпал етеді деген сенімдеміз.
Ашылу рәсімінен кейін футбол алаңына аудан чемпионатында жүлдегер атанып келе жатқан екі топ шықты. Олар – «Байрам» және «Қазақстан» командалары.  Ойын барысында аудан әкімінің суперкубок жүлдесі сарапқа салынды. Төрешінің ысқырығы естілісімен ойын басталып кетті. Футбол бәсекесі өте қызықты және тартысты өтті. Десек те, ұпай санымен алға шыққан Түрген ауылының «Байрамы» чемпион атанды. 

Болат МӘЖИТ
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.