Талдықорған: +25°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КІТАП – КЕМЕЛДІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ КІЛТІ

09.06.2024
РУХАНИЯТ
КІТАП – КЕМЕЛДІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ КІЛТІ

«Қанша тіл білсең, сонша адамсың», – дейді хәкім Абай. Адам білімінің көкжиегін кеңейтетін негізгі құрал – тіл. Оның қадірін ізденіп оқымаған, кітап ақтарып ой сарайын нұрландырмаған жұмыр басты пенде қайдан білсін?! Кітап оқудың пайдасы орасан екенін көпшілік білсе деген тілегім бар. Алдыға қойған басты мақсатым елге, мемлекетке қызмет ету. Қазақ деген ұлттың игілігі үшін аянбай тер төгуді міндетім деп білем.

Ауылдың баласы болсамда ағылшын, түрік, орыс тілдерін жетік меңгердім. Бала кезімнен әдебиетке құштар болдым. Сол құштарлық көңіл көкжиегімді кеңейтті, үлкен арманға бастады. Біздің Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаны оқымаған қазақ жоқтың қасы. «Қызыл жебе» романын, «Қырық бірінші жылғы келіншек» дейтін әңгімелер жинағын, Тәуелсіздік жылдары жарық көрген «Ай мен Айша» романын жата-жастана оқып жүріп өстік. Ұлттық, әлемдік әдебиетке деген құмарлық сол шақтарда оянды.

Ел қатаралы ауылдың қоңырқай тірлігін кешіп, ата-әженің тәлімін алып, туыс-туғанмен етене араласып ер жеттік. Кейіннен қалалық мәдениеткеде бой үйреттік. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан соң Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетіне оқуға түсіп, сол қарашаңырақты тамамдап шықтым. Оқуымды аяқтаған сәттен-ақ мемлекеттік қызметке араласа бастадым.

Зиялы қауымның ортасында болғаннан да шығар, публицистикалық мақалалар жазып, оны газет-журналдарға жариялай жүріп артынша халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналында бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі болып та қызмет еттім. Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы «ТҮРКСОЙ»-дың шақыртуын алып, ол жақта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі, кейіннен, ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарадым. Айта берсем, біраз салада жұмыс істедім. Мұның бәрі тіл білгенім мен кітап құмарлығымның жемісі еді.

Десекте қызмет адамға түпкі мақсат болмауы керек. Адам «адам» деген атты арқалаған соң, соған лайық болып қалуы міндет. Әркім ішкі мәдениетін дамытса, адамгершілік тұғырынан көріне білсе, бұл үлкен жетістік. Түпкі миссияның орындалғаны.

Студент кезімде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабын оқыдым. Сондағы ол кісінің ой-өрісіне, сана-сезіміне, көзқарасына, парасаттылығына таңғалдым. Университетті аяқтағаннан кейін ел басшысының «Свет и тень» орыс тілінде шыққан туындысынан көкейге түйгенім көп болды. Кітапта дипломатиялық әрекеттері, сыртқы істер мнистрлігінде қызмет атқарғаны, қандай қиындықтардан өткені жөнінде кеңінен баяндалады. Бұл шығарма жастарға мотивация береді. Сондай-ақ, әлемдік тұлғаға айналуға көп септігін тигізетіні  сөзсіз деп ойлаймын.

Әлемде 5 тіл білетін президент жоқ. Ондай тұлғаны білмейді де екенмін. Приздентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілінде Қытай басшысымен емін-еркін сөйлесіп, еларалық келіссөз жүргізіп кете беретін жалғыз адам. Бәрінен бұрын ол мемлекет ісінде жүрген біздермен тек қазақ тілінде үн қатысып, пікір алмасады. Бұл өте маңызды екені анық. Мемлекет басшысы Мәскеуде орыс тілінде білім алды, мектепте де орыс тілінде оқу оқыды. Қазақ тілін кейіннен үйренді. Бірақ қазір біз Кемелұлымен сөйлескенде құдды бір қазақ тілінің маманының алдында отырғандай боламыз.

Ел жетекшісінің жұмысы өте қаурыт. Түрлі келіссөздер, сол сәтте шешілуі тиіс күрделі мәселелер тұрады күн кезегінде. Десек те, газет-журнал, кітап оқуға уақыт табатынына қайран қалам. Бір түсінгенім оқыған, білім алған адам ешуақытта адаспақ емес.

Жастарға айтқым келетені әлеуметтік желілердегі толассыз ақпараттаға бас ауыртып, ақ-қарасын ажыратпай алданып қалмау керек. Ең сапалы да, шынайы ақпаратты тек газет пен кітап беттерінен ғана тауып оқуға болады.

Көбісі ойлайды «осы газет-журналдарды оқып уақыт жоғалтамыз ба, иә болмаса жалықтырып жібереді, пайдасы жоқ қой» дегендей. Алайда сайып келеген мүлде олай болып шықпайды. Газет оқу сауатты жазуға, терең ойлауға, анық сөйлеп, таза сөз саптауға машықтандыратыны ақиқат. Келешек ұрпақты, бүгінгі жастарды газет пен кітап оқуға шақырамын.

Жазушы Шерхан Мұртазаның мынандай асыл ойы бар: «Адамның жанын тат басса, оны кетіретін кітап қана» – дейді. Қаламгер әрменқарай «ол қандай кітап?» деп сауал қояды да, тағы өзі жауап береді. «Әрине, асыл кітап, адал кітап. Ең бірінші – Құран, екінші – хадистер, үшінші – әлем әдебиеті және ұлттық әдебиет» – екенін баса айтады. Біз соның ішінде ұлттық әдебиетке аса ден аударуымыз керек. Сүйікті жазушыларымызды тауып, олар жазған шығармалардың тұнығынан қанып сусындаумыз маңызды. Шерханша сөз түйнін айтар болсақ «кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді»!

Мәлік ОТАРБАЕВ,
ҚР Президентінің кеңесшісі

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.