Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КӨЗІНЕ ТҰЗ СЕПКЕН»: ӨГЕЙ ӘКЕСІ ҰРЫП-СОҚҚАН БАЛА АУЫР ХАЛДЕ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

24 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"КӨЗІНЕ ТҰЗ СЕПКЕН": ӨГЕЙ ӘКЕСІ ҰРЫП-СОҚҚАН БАЛА АУЫР ХАЛДЕ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Баланы ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз сепкен. Нина Шелипова есімді тұрғын Алматы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққыға жыққанын айтып берді. Бұл туралы «Қазақпарат» тілшісі жазды.

Н.Шелипова азаматтық некедегі күйеуі жалғыз ұлын өлімші етіп сабап жатқан кезде үйде болған.

— Сол уақытта күйеуімнен қорықтым. Балам екеуімізді бірдей өлтіреді деп ойладым. Ол ішімдік ішіп алған. Біз оның айтқанының бәрін істедік. «Ваннаны жу», — деді, жудық. Бірақ соған қарамастан ұлымды ұрып-соқты. Көзіне тұз септі, — дейді баланың анасы.

Өгей әкесінен соққы жеген 8 жасар ұл қазір Талдықорғандағы Алматы облыстық балалар аурухасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ол сәуірдің 18-інен 19-ына қараған түні түнгі сағат он екі жарымда «Жедел жәрдем» көлігімен осы жерге жеткізілген.

Бала ес-түссіз халде болған. «Үш күннен кейін ғана есін жиды. Миына қан құйылған. Кеуде қуысы, іш қуысы, өкпе, ішектеріне зақым келген. Сүйектері аман, сынбаған», — деді Алматы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Баланың анасының айтуынша, бірінші көршілері полицияны шақырған. Содан кейін ғана ол «Жедел жәрдемге» хабар берген. «Үйімізде отбасылық жанжалдар болып тұрады», — деген әйел өзінің алкогольге әуестігі жоқтығын айтады. «Мені де ішімдік ішті деп ойлайды. Бірақ еш уақытта ішпегенмін, шіркеуге барамын», — деді ол.

Нина Шелипованың сөзінше, 32 жастағы ер адаммен көңілі жарасқанына үш жылға жуықтаған. Енді оның заң алдында жауап беруін талап етуде.

— Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап отыр. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында. ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы, 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру) бойынша сотқа дейін тергеу жүргізілуде, — деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Әзірбек.

Ал шарасыз күйдегі баланы аяусыз ұрып-соққан ер адам үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.