Талдықорған: +36°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ҒЫЛЫМҒА ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

08.04.2022
РУХАНИЯТ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ҒЫЛЫМҒА ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — білім мен ғылым дамуының ірі орталығы, жоғары сапалы заманауи білім беру ісінде аты алтынмен жазылатын оқу орындары қатарында көш бастап тұр. Ел дамуы жолында ғылым мен білімнің қайнар көзін бір арнаға тоғыстырған киелі шаңырақтың өз жұмысын бастағанына қазірде 90 жылға тарта уақыт толып отыр.

Тарихи білім мен ғылым дамуының алтын діңгегінің негізін салған қара шаңырақтың бізге берері таусылған емес. Қазіргі таңда университетте бірнеше факультет бойынша білім беру ісі жүргізіліп, ғылыми зерттеу орталықтары өз жұмысын жасауда. Университет білім беруде заманауи технологияларды пайдаланып, озық үлгі көрсетіп отыр. Студенттердің білімге, ғылымға деген құштарлығын арттырып, оларға бағыт-бағдар беру мақсатында университетте жоғары дәрежелі оқытушы – профессорлар құрамы қызмет етуде. Оқу орнында студенттер тек қана білім алумен  ғана шектеліп қалмай, оларды жан-жақты тәрбиелеп, қоғамдық іс-шараларға қатыстырып, тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында университет қабырғасында әртүрлі шаралар, инновациялық әлеуметтік-тәрбиелік жобалар ұйымдастырылады және осы мақсатта түрлі қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды.

Университет қабырғасында білім саласы бойынша сапа мен дамудың нақты үлгісін көрсетіп келе жатқан Экономика және бизнес жоғары мектебі  факультетінің алар орны ерекше. Аталған факультет құрамында еңбек ететін әрбір ұстаз өз шәкірттеріне мол білім мен рухани дамудың жолдарын көрсетіп, түсіндіру үшін еш аянбай еңбек етіп келе жатыр. Факультет студенттері мен ұстаздарының бір ортаға тоғысып, бірге әрекет ету ісінде факультет деканы Л.Бимендиеваның үлесі өте зор деп айта аламын. Өзім білім нәрімен сусындап жатқан «Экономика» кафедрасы және оған жетекшілік ететін ардақты ұстаз Г.Даулиева бастаған кафедра мұғалімдеріне айтар алғысым шексіз.

Білім мен рухани қасиеттерді осы оқу жылдары ішінде бойға сіңіруге көмектескен әрбір ұстаздың біздің жүрегімізден алар орны ерекше екендігі анық. Қазіргі таңда 4-курс студенті ретінде дипломдық жұмысты жазу процесі жүріп жатыр. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдаудың өзінде үлкен мән жатыр деп айта аламын.

Қазіргі таңда еліміз үшін өте маңызы бар мәселе — жұмыссыздық және жұмыспен қамту. Еліміздің еңбек нарығындағы туындаған проблемалардың өзектілігін түсіну, осы жағдайды реттеуде қандай шаралар қолдану қажет екен деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында осы тақырыпты таңдаған болатынмын. Қазіргі уақытта дипломдық жұмысты жазуда жетекшім Т.Какижановамен бірге бірлескен түрде жұмыс жасап жатырмыз. Таңдалған тақырып бойынша дипломдық жұмысымды әзірлеуде түрлі әдебиет көздерін анықтауға мүмкіндікті өзіміздің кітапхана желісінде жинақталған кітаптар негізінде алып отырмын.

ҚазҰУ кітапханасы – біздің білім ордамыздың басты символы іспетті. Киелі шаңырақ ҚазҰУ бізге үлкен мүмкіндіктер мен талпыныстарды сыйлаудан еш шаршаған емес. Біз осы мүмкіндіктерді уақытылы әрі тиімді пайдалансақ, еліміздің жарқын болашағын қалаймыз деп нық сеніммен айта аламын.

Айбаршын БИШЕН,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті “экономика” мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

Толқын КАКИЖАНОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жаңбыр мен аптап қатар келеді: Елдегі ауа райы қандай болады?

26.06.2026
Қазақстандықтарға Дубайға бармауға кеңес берілді

Қазақстандықтарға Дубайға бармауға кеңес берілді

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.