Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҰЛАҒАТТЫ ІС»: ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЗИЯРАТ ЕТУ АЙЛЫҒЫН БАСТАДЫ

25 қыркүйек 2019
РУХАНИЯТ
"ҰЛАҒАТТЫ ІС": ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЗИЯРАТ ЕТУ АЙЛЫҒЫН БАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары айбарлы бабаларды тануға, қазақтануды үрдіске айналдырып, өшпес мұрамызды қайта жаңғыртуға бастама болды. Бүгінде сол бағытта атқарылып жатқан істер ауқымды. Айталық, облысымызда бабалар жолын жаңғыртып, даналығын дәріптеу мақсатында айлық өтуде. Осыған орай «Jetisy media” алаңында «Бабалардың ерлігі – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында журналистермен басқосу жиыны өтті.

Аталмыш жиында алғашқы болып сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов айлық шараның бағдарламасымен таныстырып өтті. Ол:

– Байтақ елге есімі аңыз болған бабалардың басқан ізіне зейінмен зер салып, олардың асыл жазбаларын, ғажайып мұраларын ұрпаққа насихаттау – баршаға ортақ ұлағатты іс. Бүгінде облыста Жетісу жерінде өмір сүрген дауылпаз тұлғаларды насихаттап, оларға тағзым ету шарасы шымылдығын түргелі отыр. Мәселен, бұл шара Кербұлақ, Қапшағай, Балқаш өңіріне экспедициялық сапармен бастау алмақ. Онда жатқан бабаларға тағзым етіліп, Сарыөзек кентінде ғылыми-практикалық конференция өтеді. Ал екінші бағыт бойынша қасиетті Қаратал ауданына ат басын бұрып, онда жатқан ардақты бабаларға зиярат етіп, олардың ұлы мұралары әспеттеледі, – дей келе, айлық шараның бағдарламасын жан-жақтылы таныстырып өтті.

Биыл қазақтың ірі тұлғасы, шешендік өнердің өрен жүйрігі Балпық бидің туғанына – 325 жыл. Осыған орай, облыс көлемінде игілікті шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жөнінде журналистер сауалына жауап берген облыстың Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев «Байтақ елдің Балпығы» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтетінін, «Батагөйлер байқауы» сынды рухани-әдеби кештер мен шаралар ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол бабалардың даналығы тұрғысында ғажайып сыр тарқатты.

– Балалар өз заманында заңғар биікке қол созып, руханияттың шыңынан орын сайлағандар. Бізге баба болса, олар кешегі күні өздеріңдей өрімдей жас еді. Жас болса да, еліне бас боларлық қасиетке ие еді. Біз болашаққа бағдар жасамас бұрын тарихымызға мықтап зер салып алуымыз керек. Сонда ғана өміршең өнердің өр перзенттерін танып, олардың ғибратты ғұмырын темірқазық тұтып, алға нық қадам басамыз, – деген Наурыз Қылышбаев жетісулық жайсаң тұлғалар байтақ елдің мақтанышы екендігін атап өтіп, ай көлемінде орын алар рухани шараларға жекелей тоқталды.

Биыл ұлт мақтанышы Балпық би бабамызбен қоса жырдың ерен жүйрігі Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай өңірімізде бірқатар шара арнасын таппақ.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.