Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЛАТЫН ҚАРПІ: ӘЗІРБАЙЖАН ҒАЛЫМДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

7 ақпан 2019
РУХАНИЯТ
ЛАТЫН ҚАРПІ: ӘЗІРБАЙЖАН ҒАЛЫМДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Халықаралық Гирне университетінің директоры, Әзірбайжан-Кипр достық қоғамының өкілі Орхан Хасаноғлұ мен Солтүстік Кипрдегі қызметтестері Анар Хасанов пен Гүнай Алиева-Хасановамен кездесу өтті. Кездесу Әзірбайжан мемлекетінің латын қарпіне өту тәжірибесі, ынтымақтастықты кеңейту аясында өрбіді.

БАҚ өкілдерімен кездесуде олар Girne Amerikan Üniversitesi, Clobal Career Institute жəне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ортақ жобалары, Қазақстандағы бакалавриат, магистратура, доктарантурада оқып жүрген жастар үшін ұсынылатын мүмкіндіктер, Multicultural Summer School-дағы білім мен білік, Əзірбайжан-Кипр Достық қауымдастығының жаңа жобалары жайлы əңгімеледі

— Қазақстандағы 40-қа жуық университетпен 8 жылдан бері іскерлік қарым-қатынастамыз. Сіздер жақын арада латын әліпбиіне көшу туралы арнайы заңға да қол қойдыңыздар. Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шақыртуымен Оралдағы университетке Әзірбайжаннан арнайы ғалымдар келді. Қазақстан латын әліпбиіне көшетін кезде қандай мәселелер болуы мүмкін? Қиындықтардың алдын алуға болады ма? Осындай сұрақтарға жауап бердік. Біз 25 жыл бұрын латын әліпбиіне көштік. Әлі күнге дейін осыған қатысты мәселелерден қиналудамыз. 2001 жылы Гедералиев қабылдаған заң бойынша, екі халық бір-бірін 85 пайызға жақсы түсінсе де, Әзірбайжан телеарналары түрікше телехикаяларды өз тіліне аударып беруге мәжбүр. Біз әл-Фараби, Абайларды кезінде кириллицамен оқып өскен болатынбыз. Ал қазіргі балаларымыз оны оқи алмайды. Өйткені, олар латын әліпбиімен ержеткендер. Бұл – біздің бірігуімізге деген үлкен кедергі, трагедия. Соңғы 100 жылда Әзірбайжан өзінің әліпбиін 3 рет ауыстырды. Осы ауысулар бізге кері әсерін тигізді. Өйткені, басында төте жазу болатын, сосын кириллица, ал енді 90-жылдары латынға көштік. Біз өзіміздің атымыздан, «Global career institute» тарапынан Қазақстан латын әліпбиіне көшкен кезде қиындықтардың алдын алу жолдарын ұсынып, тәжірибемізбен бөлісеміз, кеңес береміз. Бұл жерде үлкен жауапкершілік журналистердің мойнына жүктеледі, – деді Орхан Хасаноғлұ.

Әзірбайжан-Кипр достық қоғамының қызметі мен мақсаттары туралы әңгіме қозғаған Орхан мырза өз елінің білім саласы туралы баяндады. Екі ел арасындағы білім мен тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланған баспасөз мәслихатында Әзірбайжанның Қазақстанмен бірлесіп жаңа жұмыстар жасайтынын ерекше атап өтті. 

Сапар аясында  келісімшарттарға қол қойылып, бірқатар жоба талқыланып, жаңа бастамаларға жол ашылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.