Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ІЛИЯС ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҮШ БҰРЫМДЫ ТОП ЖАРДЫ

25 сәуір 2022
РУХАНИЯТ
ІЛИЯС ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҮШ БҰРЫМДЫ ТОП ЖАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мектеп оқушылары арасында жыр құлагері Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өтті. Әр аймақтан дараланып шыққан 47 оқушының поэзия сайысында бақ сынауына Алматы облысы білім басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі мен «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мұрындық болды.

Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге және шығармашылық қабілеттерін, табиғи дарындылығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарыста қатысушылар  «Ілияс – эпик ақын», «Сұлу сөздің сүлейі», «Ағынды менің — Ақсуым» атты үш бағыт бойынша сынға түсті. 

Қазылар алқасы оқушылар тілінің тазалығы, сахна мәдениеті, мүдірмей жатқа айтуына, көркем оқуына аса мән берді. Жарыс барысында әр оқушының өнер көрсетуінен кейін әділқазылар ұпайларды көрсетіп отырды.

— Жылдағы дәстүр бойынша Ілияс оқулары өтті. Әр бағытқа 1 оқушы, аудан-қала бойынша барлығы 3 үміткер ұсынылады. Бүгін ақынның шығармаларына сусындап өскен жастар поэзия бәйгесінде бақ сынады. Әр оқушы бабына қарай шапты, бағына қарай жүлделі болды. Облыстық жарыста оза шапқандар өңір намысын республикалық сайыста қорғайтын болады, — деді қазылар алқасының төрағасы Мұратбек Иманғазинов.

Бес сағатқа созылған облыстық байқауда кіл мықтының ішінен шын жүйрік суырылып шықты. Нақтылайтын болсақ, «Ілияс – эпик ақын» аталымында Зерда Жиенбаева, «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында Гаухар Әмірбек, «Ағынды менің — Ақсуым» кезеңінде Шолпан Қылышхан жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады. Осылайша, үш бірдей бұрымды облыстық Ілияс оқуларының жеңімпазы атанды.

Гаухар Әмірбектің айтуынша, жарыс тарысты болған.

— Қарсыластар өте мықты болды. Бірінен-бірі өтеді. Тыңғылықты дайындықпен келген. Алғашында қобалжу болды. Бірінші айналымда ойдағыдай өнерімді көрсеткен соң сенімділік ұялады. Сол деммен соңына дейін бардым, — дейді жеңімпаз.

Шара соңында жүлдегерлер әр бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, артынша естелік суретке түсті.

Анар САБЫРОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.