Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ДОМБЫРА ҮНІ ҚАЖЕТ: МҰҒАЛІМ МІНБЕРІ

29 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ДОМБЫРА ҮНІ ҚАЖЕТ: МҰҒАЛІМ МІНБЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өнер мектебінде көптеген талантты бала білім алуда. Сол жеткіншектердің жолын ашып, бойындағы бар қасиетін жұрт алдына шығару жолында үлкен еңбек керек. Әсіресе, өзім қызмет істейтін Ақсу ауданындағы Исатай Исабаев атындағы өнер мектебінде талантты балалар жетерлік. Олар қазақ халқының ұлттық мұрасы, ән-күйін жетік меңгерген.

Атап айтқанда, күй өнеріне деген қызығушылығы жоғары, оның тарихына бойлай отырып, шығарманы орындайды. Әр балаға жеке талдау жасай отырып, ұлттық мұраны жете түсіндіреміз. Осы орайда өнер мектебінің оқушыларына күй өнері жайлы жан-жақты мағлұмат береміз. Сол кезде бала шығарманы бойына еркін сіңіріп, асқан шеберлікпен орындайды.

Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй — қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Халық күйлерінің әуендік сипаты, көркемдік образы, философиялық ой тереңдігі халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді.

Үш әлеммен байланысқан құдірет — домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап, жалғастыру қиын болмақ.

Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй — адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін — домбыра аспабы. Егер қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлкен ой салады.

Күй — өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал, әдеби мұраларымыз сақталған.

Күй аспапты музыка ретінде сөзге кіріптар емес, өмір, тіршілік дерегін білдіретін ең мәнді сөз немесе сөйлем көп ретте күйдің әуендік буын ырғағына ғана әсер етеді. Мысал үшін Ілияс Жансүгіров үшін күй «сыбырлайды», «мұңаяды», «толғанады», «зарланады», «бұрқырайды», «сарнайды», «ақтарылады», «лепілдейді», «сылдырлайды», «күмбірлейді», «сыңқылдайды», «күркірейді», «сорғалайды», «еркелейді», «тербейді». Бұл мысалдан музыканың, оның ішінде күйдің де сезімдік тілі өмірдің өзіндей шексіз екенін білуге болады.

Шынар МЫРЗАБЕКОВА,

Исатай Исабаев атындағы өнер мектебі домбыра аспабының мұғалімі

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.