Талдықорған: +9°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлттың ұятын қамшылап келеді

26 маусым 2018
РУХАНИЯТ
Ұлттың ұятын қамшылап келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Ғайыс Егембердиев, Соғыс және Еңбек ардагері, Мемлекеттік дәрежедегі дербес зейнеткер, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі:

– Газеттің 100 жылдығы үлкен қуаныш.   Басылым – қоғамның айнасы. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды өз дәрежесінде, әрбір адамның санасына сай жеткізу оңай шаруа емес.  Газеттің атқаратын жұмысы өте құрметті, бағалы. «Жетісу» газетінің қызметкерлері осындай талаптың биігінен көрініп келеді.  Жүз жасқа келген ата басылым халықтың құрметіне, бағасына ие. «Жетісу» тәжірибесі мол, адами құндылықты әспеттеп, үзіліссіз жариялап отырады. Газет – тәрбие құралы. Жеке адамдарды жазу арқылы қоғамды тәрбиелейді. Ата басылымдағы «Еңбек адамы», «Күнгей мен көлеңке» деген  айдармен жазылған мақалалар тізбегін оқығанда  ойыма орыс жазушысы Иван Крыловтың «Айна мен маймыл» деген мысалы келеді. Онда былай дейді: 
Айнаның қарсы алдына маймыл барып,
Айнада өз суретін көре салып.
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара! Бұ кім, өзі мынау перің?
Білмеймін, қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім, – дейді.  
Газет те айна сияқты. Кейіпкерлері арқылы басқаға ой салады.  Адам өз бойындағы жақсы немесе жаман қасиеттерді байқамауы мүмкін. Мақаланы оқи отырып, мінез-құлқындағы артықшылығы мен  кемшілігін көреді. Қараңғыны көрмеген адам жарықтың да қадірін білмейді. Мақаланы жазғанда мәселенің күнгейімен қатар көлеңкесін де айтқан дұрыс. Жарық болған жерде көлеңке де болады. Қандай сәулелі шаруаның да көлеңкесі бар. Біздің кезімізде өзара сын деген болатын. Бұл өте ұтымды қағида еді. Кез келген мекеме социалистік жарысқа түседі. Маман немесе жеке адам өзінің беталысын әріптесіне қарап бағамдайды. Соған қарап  өзін қамшылайды. Соңғы жылдары «Жетісу» газеті «Ұлттың ұяты» деген тақырып көтерді. Соны үзбей оқып отырамын. Жазылуы ғажап! Жақында бір беделді адам: «Ұят деген сөзді айтуға ұялатын болдым. Өйткені, қоғамда ұят қалмады» деген еді. Шындығында қоғамда  «ұят болады» деген сөз мүлде айтылмайды. Бұрын: «Балам, ұят болады, олай істеме» деп айтып отыратынбыз. «Намыс, обал, сауап» деген түсінік азайып барады. «Ұлттың ұятында» еліміздің абыройын асқақтатып жүрген қыз-жігіттермен қатар кейбіреулердің намысқа тиетін қылықтары да жазылып жүр. Сол жағдайды оқып отырып риза боламын. «Жетісудың» беделі көптің арасында жоғары. Солай болуы керек. Газет – жастарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Соған қуанамын.  Жүзжылдық деген шаттанатын сәт.  Ғасыр тойын тойлап отырған басылым, онда  жұмыс істейтін журналистердің беделі арта берсін. Ұл-қыздарды тәрбиелейтін, ұлтымызға бағыт беріп отыратын мақалалар көп болсын!

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.