Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АШҚАН КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТЕН СУБСИДИЯ СҰРАП ОТЫР

28 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АШҚАН КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТЕН СУБСИДИЯ СҰРАП ОТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданы Суықсай округіне қарасты «Аршалы тур» марал шаруашылығының ашылу салтанаты өтті. Шарада кәсіпкер марал өсіру ісін ары қарай дамыту үшін мемлекеттен демеуқаржы (субсидия) керек екенін айтты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шараға Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Серік Құсмолдин, ауыл ақсақалдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шаруашылыққа Шығыс Қазақстан облысынан 23 марал әкелінген. Оның 10-ы буаз. Бұйырса, көктемде төлдейді деп күтілуде. Шаруашылық негізінен маралдың мүйізінен алынатын панта арқылы ем жүргізуді көздейді. Шипажай ашпақшы. Бұрыннан бар қонақүй мен монша күрделі жөндеуден өткізілді.

Шаруашылық ел басқарған, біртуар тұлға Дінмұхамед Қонаев атамыз демалған саяжайда орналасқан. Жанға жайлы аймақ. Таза ауа, тұмса табиғаты жанға жайлы. Оған емдік шара қосылса, денсаулық үшін тіпті әсерлі болатыны сөзсіз. Марал қанында адам ағзасына қажетті 25 түрлі микроэлемент бар. Жүрек, қанайналым, қан қысымы, буын, сүйек, иммундық жүйені жақсартуда марал мүйізінен алынатын қанның пайдасы өте зор. Мүйізді қайнатып, сорпасына түссе, денедегі суықты алып шығады. Сорпа буы сырқырағанға мың да бір ем.

Шаруашылық басшысы Берік Алдабергеновтің айтуынша, алдағы уақытта мұнда марал мүйізімен, қанымен емдейтін және массаж жасайтын мамандар шақырылады. Ол үшін, әрине, маралдың санын көбейту керек. Бүгінде ол 23 маралды өз қаражатына сатып әкелді. Бұларға барлығы 25 млн.теңге қаражат жұмсаған.

Киелі аң салқын ауаны жақсы көреді. Бойында қан көп болғандықтан ыстық ауада маралға шыбын-шіркей әуес. Жабысып, қанын сорады екен. Ал, маралдардың бүгінгі тұрған жері сайдың іші. Ыстықта бұл жер бүк болатын көрінеді. Сондықтан, жайылымды кеңейту керек. Жайылым аймақты арнайы сымтемірмен қоршау да қаражатты қажет етеді. Сондай-ақ, маралдың мүйізі емдік сұйықтыққа толу үшін алтын тамыр сынды сирек кездесетін шөпке жайылу керек. Ондай шөп Жоңғар алатауының жоталарында өседі.

Берік Кенжебайұлы шаруашылықты дамыту үшін мемлекеттен субсидия берілсе дейді. Қапал өңірі туризмге өзі сұранып тұрған аймақ. «Аршалы тур» Ақсу өзені бастау алатын Қоянды тауының бөктерінде орналасқан. Жазда бүлдірген, таңқурай жайқалып тұрады.

Бірақ барар жолы қауіпті. Ащыбұлақ ауылымен ортадағы көпір ағаштан жасалған. Біз жанымызды шүберекке түйіп, әрең өттік. Таулы аймақтың қара жолы қандай болатыны айтпаса да түсінікті.

Тау туризмін дамыту үшін марал шаруашылығына жанды көмек керек. Марал өсіру бұл жақта тарихта алғаш рет қолға алынды. Жанданса, туристер Шығыс Қазақстанға ғана емес, Жетісу өңіріне де келер еді. Ендеше, Суықсайдың төл перзенті Берік бастаған шаруаға демеуқаржы және инфрақұрылым жағынан қолдау қажет.

Гүлжан ТҰРСЫН

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.