Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мақсат-міндетіміз айқын

31 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының сегізінші бағытында мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет екендігін айтқан болатын. Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керектігін де ескертті. Осы орайда Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Елбасының тапсырмасына орай алдағы уақытқа жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша бірқатар істерді атқаруда. 

Ағымдағы жылдың 1 наурызына аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына барлығы 4743 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 2597-сі жеке шаруа қожалығы. Алдағы уақытта ауданымызда кәсіпкерлікке қызығушылық танытқандардың саны көбейсе, экономикамыздың тасы өрге домалайтындығына сенім мол. Себебі, кәсіптің көзі нәсіптің бастауы болмақ. Ауданымызда туризм саласы да қарқын алып келеді. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында «…Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады» деген болатын. Ауданымыз Жетісудің тамылжыған табиғаты көз тартар мекенінде орналасқан. Сырттан келушілерді қызықтыратын Шарын шатқалы, Арасан, Ерентоғай, Ағашты көл сияқты көрікті жерлерімізде туристердің саны артпаса, кеміген емес. Аталған аймақтар туризм дамыған жер деп айтуға толықтай негіз бола алады. Сонымен қатар ауданның экономикалық шарықтауына да өзіндік үлесін қосуда. 
Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  өткен жылы 22965 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 20987-сі электронды, 1978-і қағаз жүзінде көрсетілген. Жолдаудың сегізінші бағытында «2018 жылдың                  1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген» деп нақты жазылған. Осы орайда өңірлік бекітілген есеп шоттары, яғни 101202, 104102, 104302, 104309, 104401, 104402 жіктемелері ауылдық округтерге бөлініп берілді. Бөлініп берілген жүктемелерге ағымдағы жылдың 1 наурызында салық түсімі 41422 мың теңгені құрады. 
Жолдаудың тоғызыншы бағыты бойынша Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қоғамда дұрыс пайдалану үшін, сонымен қатар жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудандық прокуратура және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – біздің ортақ парызымыз» атты тақырыпта «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырып, аталған шара жайында жазылған мақалалар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. 
Елдің дамуы жолында атқаратын істеріміз айқын, мақсат-міндеттеріміз анық. Елбасының берген тапсырмаларына сай жұмысымызды жүйелі, ісімізді адал атқара беретініміз айқын.

Талғат ҚОЗЫБЕКОВ,
Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.