Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ӘКІМНІҢ ҚОЛЫНАН АВТОКӨЛІК МІНДІ

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ӘКІМНІҢ ҚОЛЫНАН АВТОКӨЛІК МІНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұғалімдер күніне орай Алматы облысында дәстүрлі «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды. Ол — Ақсу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Асыл Қаймұханов. Салтанатты шарада Амандық Баталов оған автокөліктің кілтін табыстады.

Салтанат сарайындағы “Ұстаз – ұлы тұлға» атты шарада облыс әкімі Амандық Баталов қасиетті мамандық иелерін мерекемен құттықтады.

— Құрметті ұстаздар! Сіздерді  кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұрпақ бойына білім нәрін құйған еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.

Дана Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз – ұлы мамандық. Ол – ең алғаш қолға қалам ұстатып, әріп үйретіп, Әліппеден бастап, бүкіл әлемді танытқан ұлағатты жан.

Биылғы жыл бүкіл әлемге жаңа көзқарас әкеліп, санамызды өзгертті. Елдегі жағдайға байланысты, оқушыларымыз қашықтан оқуға көшті. Өзінің қиыншылығы болғанымен сапалы білім беруге еш кедергі болмады. Ұстаздардың да, оқушылардың да білімге деген құрметін еселей түсті. «Онлайн Соңғы қоңырау», «Онлайн Алғашқы қоңырау» ұғымдары қалыптасты, өмірімізге енді. Осы жағдайда бәріне түсіністікпен қараған оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға үлкен ризашылық білдіремін.

Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында мұғалімдердің дәрежесін көтеруге, жағдайын жақсартуға ерекше мән берілді.

Өздеріңіз білесіздер, Жетісу аймағы еліміздегі халық саны көп өңір. Жыл сайын дүниеге келген балалар саны артып келеді. Осыған орай, білім беру саласына ерекше көңіл аударылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, облыста 64 560 штаттық бірлік педагог қызметкерлердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілді, келесі жылы тағы 25 пайызға көтеріледі.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық жерге жұмыс істеуге келген 4 921 маманға көтерме жәрдемақы, 2 371 маманға тұрғын үй сатып алу несиесі берілді.

Бұл жас мамандар үшін үлкен қолдау. Осындай зор мүмкіндіктердің арқасында біздің педагогтар республикалық, халықаралық түрлі білім байқауларында үздіктер сапынан көрініп жүр.

Биыл 2 қазанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне 80 жыл толды. Бұл айтулы кезең осы жүйеде білім алған барлық маман иелерінің, миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлердің мерейтойы десе де болады. Ендеше, қоғамға қажетті білікті кадрлар даярлайтын мамандарды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді.

Бұдан соң Амандық Ғаббасұлы облысымыздың білім саласының дамуына қосқан зор үлесі және жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табыстары үшін бірқатар ұстазға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын табыс етті. Республикалық «Үздік педагог» атағын жеңіп алып, 2 миллион 778 мың теңге  иеленген ұстаздарды марапаттады.

Облыстық педогогикалық байқау жеңімпаздары – «Үздік ауыл мектебі» атанған Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Махамбетоваға, «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясының иегері Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік  колледжінің директоры Болат Алтаевқа, «Үздік сынып жетекшісі» байқауының жүлдегері Алакөл ауданы, Үшарал №1 орта мектебінің мұғалімі Айгүл Ахметоваға 500 мың теңгенің сертификаттары берілді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Жылдың үздік мұғалімі» облыстық байқауының бірінші орын иегері Ақсу ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Асыл Қаймұхановқа автокөлік кілті табыс етілді.

Ардагер ұстаздар атынан сөз алған Күләй Түсіпқызы мұғалімдерді мерекемен құттықтаса, «Жылдың үздік мұғалімі» атанған Асыл Қаймұханов ақтарыла алғысын жеткізді.

Ұстаздарға арнап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония әншілері, Оқушылар сарайының жеткіншектері әннен шашу шашты.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Руслан ҚАДЫРОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.