Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МЕДИАЦИЯ ҚАЗАҚҚА ЖАТ ЕМЕС

19 маусым 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

    Рухани жаңғыру аясында Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Қоғамдық келісім, аналар кеңестері және    «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының семинары өтті. Республикалық семинарға ҚР Президент Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы Инара Раһимзаде, құқық қорғау органдары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері және кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

 

   Жиынды жүргізіп отырған «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаев келген қонақтарды семинардың негізгі мақсатымен таныстырды. Бас қосудың маңыздылығы өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау болды. Ең бірінші сөз алған ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы Инара Раһимзаде республика көлемінде медиация бойынша атқарылып жатқан жұмысқа кеңінен тоқтады. Сонымен қатар, медиация бойынша қабылданған заңға енгізілген өзгерістерді тақырыпқа арқау етті. Мұнымен қоса қандай да бір ұсыныс-пікірлер білдіріп, заңды қайта қарайтын тұстары болса ортаға салып, талқылап, жоғарыға жіберу мүмкіндігін де тілге тиек етті. 
– Аталған семинар екінші мәрте өтіп отыр. Бұған дейін Павлодарда өткен болатын. Енді, міне, медиацияның маңыздылығын арттыру үшін Жетісу жерінде жиналып отырмыз, – деген Инара Раһимқызы жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.    Модератор    Тәңірберген Қасымақынұлы келесі сөзді облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақияновқа берді. Кеңестің төрағасы бүгінгі біздің көтеріп отырған мәселе Елбасының    «Рухани жаңғыру» мақаласының шеңберінде екенін баса айтты. Бұл іске жай қарамай үлкен жауапкершілікпен атқаруымыз қажеттігін тақырыпқа тұздық етіп кіргізді. 
   Кезек-кезегімен сөз алған семинарға қатысушылар көптеген мәселенің шетін шығарды. Мысалға, Сарқан ауданының кәсіби емес медиаторы Күлшарбан Қалиеваның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 376 өтініш түсіп, барлығы да оң шешімін тапқан. Мұнда келетіндердің басым көпшілігі отбасы дауы. «Менің көрсеткен қызметімнің барлығы осымен байланысты. Яғни 376 отбасын татуластырдым», – деп бір түйіп тастады. Сонымен қатар, Күлшарбан Мырзабайқызы «Біз халыққа медиация дегеннің не екенін жете түсіндіруіміз керек. Әлі де болса бұл үрдісті білмейтін, естімегендер бар. Бұл медиация дегеніміз қазаққа жат емес. Ертедегі би, шешендеріміздің жолы. Қазақ даласындағы барлық дауды билер шешкен және шешімдері екі тарапты да қанағаттандырған. Міне, біз де осы ұстанымды ұстап, екі тарапты да разы етіп жіберуіміз керек», – деді. Одан кейін меиаторлардың беделін көтеру басты мәселе екенін тілге тиек етті. Сөз соңында медиаторларға арнайы куәлік жасауды ұсынды. 
  Сөз кезегін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Аманжол Жазықбаев алды. Оның айтуынша, медиацияның атқаратын жүгі ауыр және оның жауапкершілігі жоғары. Аудандық партия филиалдарында қоғамдық қабылдау кабинеттері бар. Сол орындарға медиаторлар келіп жұмыс істеуге болатынын жеткізді. Сөз соңында медиаторлардың беделін көтеруде ауылды жерді қамту керек, онда беделді азаматтарды тартқан дұрыс. Сөзін өткізе алатын, айтқан сөзіне ел құлақ асатын білімді азаматтардың болғаны абзал деді. 
   Семинардың бірінші бөлімі «дөңгелек үстел» түрінде өрбіді. Әркім өз ойын ортаға салып, ұсыныс, пікірлерін білдірді. Түстен кейін семинар-тренинг ретінде өтіп, соңынан сертификаттар табысталды.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.