Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Менің сүйікті кітаптарым

14 сәуір 2018
РУХАНИЯТ
Менің сүйікті кітаптарым
WhatsAppTelegramFacebook

Кітап – білімнің іргетасы, қанша күн, қанша жыл өтпесін, өз болмысын жоғалтпайтын заман үні. Тіпті, ертегі әлеміне  саяхат жасауға мүмкіндік беретін ұшқыш кілем тәріздес. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби да, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да кітап арқылы арманын жүзеге асырған.

Осы орайда өзімнің сүйіп оқитын кітаптарыма тоқталсам. Олар әзірге үшеу. Алдымен «Абай жо-           лы» романы. Мұхтар Әуезовтің бұл туындысын әрбір қазақ оқуға міндетті. Қазақ тілі және әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстаздарым «Абай жолы» романын әр адам өмірінің үш кезеңінде оқығаны жөн дейді. Алдымен мектеп қабырғасында, сосын жоғары оқу орнында қайталап шыққаны абзал. Үшінші рет есейгенде, яки жігіт ағасы болғанында парақтап шыққаны нұр үстіне нұр. Мен енді екі мәрте оқуға тиіспін.
Одан кейін Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы жарық көрген «Махаббат қызық мол жылдар» романы. Бұл менің ең сүйікті кітабым. Романдағы екі басты кейіпкердің өмірі, тағдыры, тәлім-тәрбиесі, бойындағы қасиеттері таңдай қақтырарлықтай баяндалған. Мен бұл кітапты жыл сайын оқудан жалыққан емеспін.  Әр оқыған сайын бұрын-соңды болмаған керемет күйді кешемін.
Соңғысы ”Мастер и Маргарита’’ кітабы.  Әлем әдебиетінде шоқтығы биік жазушы Михаил Булгаковтың жер шарындағы үздік туындыларының бірі. Автор шығармасын 1920 жылы бастап, өмірінің соңғы уақыттарында аяқтаған. Алғашқы бетіне көз жүгірткен сәтте-ақ, бірден жаныңды баурап алады. Еріксіз соңына дейін оқып шығасың. Мұнда ұрпақ мұрасы, адамзаттың өркендеу дәуіріне жол ашқан кезеңі суреттелген. Барлық кітапсүйер қауымға оқуға кеңес беремін.
Иә, қашанда көп оқыған тиімді. Себебі, елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қай уақытта да заманды білімді, ақылды адамдар билейді.

Аружан Сейілғазы, 
Матай орта мектебінің  11-сынып оқушысы 
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.