Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мойнақта Наурыз мерекесі тойланды

15 сәуір 2025
РУХАНИЯТ
Мойнақта Наурыз мерекесі тойланды
WhatsAppTelegramFacebook

Бір ай бойы тойланатын әз Наурыз мерекесін Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылының халқы айрықша сән-салтанатпен атап өтті.  Мерекелік шараға қатысқан Өтенай ауылдық округінінің әкімі Руслан Ырысбекұлы жиналған қауымды ұлтымыздың ұлық мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

 – Наурыз – ғасырлар қойнауынан мәні мен мазмұны өзгермей жеткен халқымыздың көне дәстүрі. Бүгінде бұл мереке барша жұртты біріктірудің берік рухани діңгегіне айналды. Сондықтан да бүгінгі  шараның маңызы зор. Әз Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен құт-береке, қуаныш пен бақыт әкелсін. Еліміздің әрдайым еңсесі биік болып, бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға амандық, ашық аспан, толайым табыс тілеймін! Ұлыс оң болсын, ағайын!– деді ауыл басшысы.

Осыдан соң әжелер ақ шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын арнады. Ауылдық мәдениет үйінің алдында арнайы тігілген ақ боз үйде көпшілікке жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже таратылып,   споршылар ұлттық ойын түрлерінен сынға түсіп, үздіктерді анықтады. Сайыста  жастар  қол күресі, қазақ күресі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды спорттың бірнеше ойын түрінен бақ сынасып, топ жарғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, өңір өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, ауыл тұрғындары мәре-сәре болысты.

Наурыз – ұлық мейрам. Бүгінде түбі бір түркі халықтары арасында әлемнің 30-дан астам елінде тойланатын бұл күннің орны ерекше.  Күн мен түн теңеліп, жер беті қайта түлеген осы бір мезгіл халқымыз үшін береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы.

Ауыл тұрғыны Бақытбек Малгажыдаровтың айтуынша,  Талдықорған – Үштөбе күре жолының бойына орналасқан  Мойнақ  ауылында бүгінде 200-ден астам жанұя, 1100-ге жуық тұрғын бар. Облыс орталығына қарасты бұл ауылға қалалық №23 орта мектеп, шағын балабақша, мәдениет үйі және жаңадан салынған мешіт ғимараты жұмыс жасауда. Бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын ауыл халқының бүгінде береке-бірлігі бекем.  Сол татулықтың арқасында жарты ғасырлық тарихы бар ауыл қазір жылдан жылға жаңарып-жайнап, өсіп-өркендеп келеді.

Еске сала кетсек, жыл сайын аталған ауыл тұрғындарының өтініштеріне сай ауызсу, жол, жарық басқа да мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін табуда. Ауылдың дамуы – елдің дамуы.  Өткен  жылдың соңында Мойнаққа табиғи газ желісі жеткізіліп, қазір әр үйді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда.

                          

                                                                     Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.