Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мұрасы – қазақтың  мол қазынасы

19.05.2024
РУХАНИЯТ
Мұрасы – қазақтың  мол қазынасы

Ақсуда  қобызшы Молықбай атындағы Мәдениет үйінде облыстық  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Ілияс Жансүгіровтің  130 жылдығына  арналған  «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция өтті.  Оған  Ілиястың  немересі Жанар Жандосова, сондай-ақ, елімізге танымал тіл мамандары, мәдениет саласының өкілдері және журналистер қатысты.

Жүргізуші Жеңіс Хамитұлы жиынды Ілияс Жансүгіровтің

«Тегінде тегін бе екен Ақан сері,
Бұл да бір емес пе екен елдің ері?
Өз ұлын  өз ерлері ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?
– деген өлең жолдарымен бастады.

Конференциядағы алғашқы сөзді Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбайұлы алып, ақын мұрасы жайлы сөз қозғады. «Киелі Ақсу  ежелден  қазақтың мандайына біткен біртуар азаматтарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі кайдан алсын кемеңгерді?» –  деп жырлаған Ілияс атамыздың 130 жылдық мерейтойы құтты болсын!   Ел, жер тарихын ұрпақтар санасына сіңіру,  бабалар рухын  кастерлеу – парызымыз. Заманның біртуар жазушысы Ғабиден Мұстафин Ілияс Жансүгіров жайлы:  «Өзі өлгенімен сөзі өлмейтін ерлер болатыны ежелден белгілі.  Ілияс сол ерлердің бірі. Ол алдымен ақын еді. Ақындардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Ақын, жазушы деген кұрметті атаққа қол созған. Ілияс сол аздың, бірегейінің бірі. Ол арамыздан ерте кетті, аларын түгел ала алмай, берерін түгел бере алмай кетті. Бірақ артына қалдырған сөзі халқымен бірге жасап келеді.  Бұдан әрі де жасай бермек. Жырлары адамға күш және тың серпін беретіні ақиқат» деген еді. Ал, Мұхтар Әуезов: «Қазақтың  Абайдан кейінгі заманындағы аса дарынды ақыны Ілияс Жансүгіров, әдетте өзі шалқар шабыт, керемет  құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің  Құлагеріне ұксайды. Ілияс поэзиясы – ойға қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін  мәңгі жас поэзия. Ақын аруағын құрмет тұтқан барша конференцияға  қатысушыларға алғыс айтамын.  Конференция жұмысына сәттілік тілеймін»,– деді.

Келесі сөзді  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов алып,  Ілиястың 130 жылдығына арналған шаралардың мәнді-мағыналы өтіп жатқанын атап өтті. Мұның алдында «Тау тұлғалы Ілияс» атты конференцияның да өз дәрежесінде өткендігіне тоқталды. Деректі фильмдердің түсіріліп жатқанын жеткізді. Сондай –ақ, мерейтой аясында  Молықбайдың қобызының жарыққа шыққанын қуанышпен айтты.  Мұражайда көп жыл әйнек ішінде тұрған қобыздың өз сарынын ұмытпағанына тәнті болдық. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық  бірлестігі Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрін:  «Ілекең  қазақтың жаны, болашағы үшін күрескен Алаш арысы. Ол қазақ тілінің уызын емген азамат.  Журналистиканың барлық саласына қалам тартты. Драматургия, фельетон, аудармамен де айналысты. Поэзияда  Құлагерше серпілді,– деп қаламгердің жан-жақтылығын ашып көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан: «Ілияс адамзаттық кеңістікке үн қатқан адам.  Ол аспектілік жағынан әлі толық зерттелген жоқ. Оны біз зерттеуіміз керек», – дей келе  «Ауылдың алды» өлеңіне талдау жасады.

«Ауылдың  алды айдын көл,
Айдын көлде шағала,
Айдын көлді жағалай
Айнала қонған қалың ел.
Ауылдың алдын абайла,
Ауылдың алды ұлы көш,
Алдыңда өткел, оны кеш.
Аяңда, ауыл, аяңда! –
деген өлең жолдарындағы  А дыбысы артикуляциясы бойынша ауыз қуысының кең ашылуымен жасалатын ашық дыбыс. Бұл дыбыс қазақтілді қауымдастықта әрі Ілияс өлеңдері контексінде арындаған, арқыраған, ақиланған, яғни кедергісіз кең серпінді қозғалыспен ассоциацияланады. Біздің ойымызша, А дыбысы арқылы ақын ауылдың жарқын болашағына деген оқырманның сезімін күшейте түскісі келген,– деді ол Ілияс Жансүгіровтің өлең жазудағы артықшылығына тоқталып.          

Тағылымды басқосуда Шоқан Уәлиханов атындағы  Тарих және этнология институты бас директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шамек Тілеубаев «Ілияс Жансүгіров және Жетісу өңірі тарихының кейбір мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.  

ИЛЬЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ӨҢІРІ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ тарихын жазу мәселелерін ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялылары бастап, бірқатар еңбектер жазған болатын. Олар Әлихан Бөкейханов, Мәнен Тұрғынбаев, Халел Досмұхамедов және басқа алашшылар.  Ал 1920 –1930  жылдарда тарихымызды жазуға Тұрар Рысқұлов, Телжан Шонанұлы, Ілияс Жансүгіров, Тел Жаманмұрынов, тағы басқа ұлт зиялылары атсалысты.   Жансүгіров туралы жазатын әріптестеріміз оны  журналист, публицист, ақын, драматург деп қарастырады да, ал оның тарихшылығын көп айта бермейді.  Ілияс Жансүгіровті тарихшы ретінде де қарастыруымыз керек. Ол Жетісудың тарихын жазған. Мысалы, Жетісуда болған 1860 жылғы «Ұзынағаш соғысы» туралы, «Жетісу өлкесін орыстың алуы», «Жаркент оязында» атты шығармалар, 1916 жылғы көтеріліске байланысты мақалалар жазып, ел арасынан естелік әңгімелер жинаған. «Ұзынағаш соғысы» орыстардың Жетісуды, Қазақстанның оңтүстік аймағын алудағы маңызды соғыс болған. Бұл соғыс орыстар мен қоқандықтардың арасында болған, оған қоқандықтар жағында қазақтар да, қырғыздар да қатысқан. Бұл шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапқан. Жетісудың алғашқы әскери губернаторы болған     Г. Колпаковский бастаған орыс әскері жеңіске жеткен. 1910 жылы Жетісудағы патша әкімшілігі осы соғыстағы жеңісінің 50 жылдығын  атап өткен.  

Жетісу өлкесін орыстың алуына байланысты да жақсы жазған. Ол орыс әскерлерінің Жетісуды жаулап алу барысында жергілікті халыққа көрсеткен озбырлығы мен қиянатын да ашық жазған. Оның бірқатары еліміздің архивтерінде сақтаулы. Әубәкір Сұлтанбекұлының естелігін Телжан Шонанұлы 1936 жылы орысшаға аударған екен. Ол қазіргі кезде ҚР Президентінің архивінде сақтаулы тұр,– деп тарихты таңбалаудағы табандылығын атап өтті.

Ғылыми конференциядағы келесі сөзді облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі  Ғабит Тұрсынбай алып, Ілияс Жансүгіровтің  ұстаздық жолына тоқталды. «Ташкенттегі оқытушыларды даярлайтын оқу орнын тамамдап келісімен Ойтоғандағы өзі оқыған метепте дәріс береді. Ол  балалармен қоса ересектерді де оқытқан. Ағартушылықпен  айналысқан.  Бұл 1920-22 жылдар еді, – деп  Ілияс Жансүріровтің қоғамдағы тағы бір қырына толық тоқталды. Ғабит Тұрсынбай ақынның 125 жылдығында «Ілияс ізімен»  сапарының ұйымдастырушысы болған еді. Сол кезде ақынның  қазақ жерінде жоғалып кеткен кітаптарының  Мәскеу, Петербордан табылуына күш салды.

Конференцияда  облыстық  «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы ақын өлеңдерінің жазылу ерекшелігіне тоқталды. Ілиястың өлең жазғанда мазмұны мен ұйқасынан бөлек көңіл күйді, философиялық ойды терең жеткізе білетін шеберлігіне тоқталды.  Конференция барысында ақынның немересі Жанар Жандосоваға шапан жабылды.  Ол да атасының болмысы жайлы үлкендерден естіген, ел білмейтін естеліктерімен бөлісті.

Ғылыми конференция соңында Молықбай қобызының қоңыр үні тыңдалды. Қобызшы Ерлан Манасаров Ықыластың күйі «Ерденді» орындады. Қобыздың сарыны  Алаш арысының қоңыр дауысын елге жеткізгендей әсер қалдырды.

Гүлжан Тұрсын

 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.