Талдықорған: +6°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мұрат ӘУЕЗОВ: «ҚОНАЕВТЫҢ ҚОЛДАУЫН ҰМЫТПАЙМЫН»

29 қаңтар 2019
РУХАНИЯТ
Мұрат ӘУЕЗОВ: "ҚОНАЕВТЫҢ ҚОЛДАУЫН ҰМЫТПАЙМЫН"
WhatsAppTelegramFacebook

Түрген ауылындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектепте мемлекет қайраткеріне арналған музей ашылған еді. Соның құрметіне орай ұлылардың ұрпақтары – Мұрат Әуезов пен Диар Қонаев аталған оқу орнына арнайы келді. Қонақтар ең алдымен Дінмұхаммед Ахметұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті. Содан кейін музейді аралап, ондағы жәдігерлермен танысты.

Мұнда мемлекет қайраткерінің өмірбаяны туралы деректер кеңінен қамтылған. Тарихи тұлғаның ел басқарған кезеңдерінен сыр шертетін сан түрлі фотосурет пен кітаптар, газет бетінде жарық көрген материалдар ешкімді де бейжай қалдырмайды. Музейдің ашылуы, сөз жоқ, Қонаев есімін иеленген мектептің мәртебесін одан сайын асқақтата түсетіні анық. Бұл жұмыстарға ұйытқы болып, демеушілік танытқан — осы ауылдың тумасы Бауыржан Сабырбаев. Ол кісі кезінде Қонаевтың қарамағында қызмет істепті.

Қонақтар, сонымен бірге, заманауи үлгіде жасалған мұғалімдер бөлмесін де көрді. Мұнда ұстаздардың интерактивті тақта арқылы өзге өңірлердегі әріптестерімен тікелей байланыс орнатуына мол мүмкіндіктер қарастырылған. Биология кабинеті де озық технологиямен жарақталыпты. Білім мекемесіндегі осындай жаңашылдыққа «КазИнтерСервис» компаниясының басшысы, жаны жомарт кәсіпкер Төлебай Төлепов өзіндік үлес қосқан. Білім шаңырағындағы жетістіктерге және атқарылып жатқан шараларға қонақтар дән риза болды.

Бұдан кейін мектептің мәжіліс залында Мұрат Әуезовпен сыр-сұхбатқа толы әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Оған округ аумағындағы ауылдардан да қатысқандар аз болмады. Оқушылар ұлы жазушының ұрпағына сан алуан сұрақтар қойып, оған тұшымды жауаптар алды.

– Димекеңнің, Дінмұхаммед Қонаевтың атындағы мектепте білім алу үлкен құрмет болса, екінші жағынан бұл іс сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан ұлт қайраткерінің есімін иеленген білім ошағында жаман оқуға хақыларың жоқ. Мүмкін осы отырған оқушылардың арасында болашақтың қарымды қаламгері отырған шығар, кім білсін?! Сондықтан сапалы білім алуға ұмтылыңдар. Білім ғана сендерді биікке алып шығады, – деп әңгімесін жас ұрпақты жігерлендіруден бастаған Мұрат Мұхтарұлы сөзін ары қарай сабақтады. – Түрген өңірі әкемнің әңгімесіне арқау болған киелі жер. Атақты «Қараш-Қараш» оқиғасы осы маңда өткен. Ұлтжандылық ең алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Өз өлкеңнің тарихын білу арқылы Отаныңның қасиетін тереңнен ұғына аласың. Сонымен қатар, жүрегі елім, жерім деп соққан әр адам ана тілін биікке көтеріп, қадірлеуге тиісті. 1949 жылы Алматыда қазақ тілінде білім беретін екі-ақ мектеп болды. Бірі – ұлдарға арналса, екіншісінде кілең қыздар оқыды. Әкем мені сол 18-ші мектепке берді. Онда 3 сыныпқа дейін білім алдым. Әліппені алғаш рет ана тілінде танығаным ұлтжанды болып ержетуіме үлкен септігін тигізді.

Сондай-ақ, шара қонағы студент кезінде «Жас тұлпар» ұйымын қалай құрғаны жайлы естеліктерімен де бөлісті. Осы ұйымға Дінмұхаммед Қонаевтың ерекше ықпал еткені туралы баяндады.

— Димекең Мәскеуде оқитын студент жастарды арнайы қабылдап, бізге қолынан келгенше қолдау көрсетті. Сол кездесу әлі есімнен кетпейді. Ол кісінің парасаты мен пайымы мені ерекше таңғылдырды. Әр сөзінің астарында терең мағына жататын. Біз «Жас тұлпар» ұйымын құру арқылы халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрін қайта тірілтуге ден қойдық. Ол кезде қазақ мектептері бірінен соң бірі жабылып жатқан сұрқай бір кезең болатын. Халқымыздың басынан өткен зобалаң жылдар туралы әңгімелер ақтаңдақ күйінде қапастан шықпай жатты. 1975 жылы Жазушылар одағының съезінде шындықты айтпаған әдебиет кімге керек деп шырылдағаным сондықтан еді, – деп өткен күндерін есіне алды.

Мұрат Әуезов Абай туралы да өз ойларын ортаға салды. «Абай жолы» эпопеясы бүкіл қазақтың болмысын бейнелейтін ұлы шығарма екендігіне тоқталды. Сондықтан жас ұрпақ бұл кітапты қайталап оқуға міндетті екенін тілге тиек етті.

Екі сағатқа созылған әсерлі кездесудің қалай тез өткенін жиналған жұрт байқамай да қалды. Айтулы ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің ғибратты әңгімелері жастардың бойына отаншылдық сезімін ұялатып, жігер мен намысын қайрағаны анық.

Кеш соңында Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова, Бауыржан Сабырбаев және мектеп директоры Римма Ахметовалар ауылдастары атынан Мұрат Әуезовке зор ризашылықтарын білдірді. Әсіресе, жас жеткіншектер үлкен әсерге бөленді.

Болат МӘЖИТ,

«Жетісу»

Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.