Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мұражайға саяхат

1 сәуір 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бөлімі бойынша жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген мектептен тыс жерде өткізілетін саяхат сабақтарының алғашқысы қаладағы М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттаудан басталды. Бұл мұражай туған елдің асыл қазынасы болып табылады. 

Мұражай балаларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Оқушылар аталмыш мұражай қызметкерінің тарихи жәдігерлер жайлы таныстырылымын мұқият тыңдап, өлкеміздің баға жетпес тарихы мен ұлттық құндылықтары жөнінде жан-жақты мағлұмат алды. Сөйтіп, олар саяхат сабағынан ерекше әсерге бөленіп қайтты. Сонымен бірге балалар Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына да саяхат жасады. Мектебіміздің ардагер ұстазы Минуар Баймолданова, биология пәнінің мұғалімі Шынар Алдабергенова және ата-аналар мен 7«В» сынып оқушылары сақ заманындағы тарихи жәдігерлермен танысты. 
Қазақстан тарихы оқулығы мен газет-журналдардан оқып, теледидардан көрген тарихи құндылықтарды өз көздерімен көрген мектеп оқушылары керемет әсерге бөленді. Мұражайдың ғылыми қызметкері Жазира Құрбанәлі тамаша таныстырылым жасап, балалардың көңіл-күйін серпілтті. Мектеп оқушылары «Алтын адамды» алғашқылардың бірі болып тапқан ұлы археолог Бекен атаның жұмыс бөлмесіне де ерекше қызығушылық танытты. Осы ретте 7-сынып оқушысы Айым Амантай «Ел есінде қалған археолог» атты тақырыпта 5-7-сыныптар арасында өткен «Зерде» ғылыми жоба жарысына зерттеу еңбегін дайындап, оның қалалық кезеңінде   І орын иегері атанып, облыстық кезеңде жүлделі         ІІІ орынға ие болды. 
Оқушының жас ерекшелігіне қарамастан жасаған зерттеу жұмысы оның туған өлке тарихына деген қызығушылығын айқындағандай болды. Ендігі кезекте зерттеу жұмысын жалғастыру мақсатында Бекен атаның ұрпақтарымен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Алдағы уақытта Бикен Римова атындағы драма театрында өтетін «Керей мен Жәнібек» қойылымын тамашалап, оқушылардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін одан әрі арттыру көзделіп отыр. Сонда ғана бүгінгі жаһандану үдерісінде ұлттық ерекшеліктер мен мәдени танымдылық сақталып қалады деген ойдамыз. 

Айнұр ТҮКТІБАЕВА,
№ 14 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.