Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨНЕРДІ КИЕ ТҰТҚАН

3 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
ӨНЕРДІ КИЕ ТҰТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласы қадір тұтып, құрметтейтін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. Ұстаздық та, өнер де кез келген адамға беріле бермейді. Осы екі қасиет те бір адамның бойынан табылып жатса, ол ғанибет емес пе?! Міне, сондай балалардың болашағы үшін уақытпен санаспай еңбек етіп, мектеп ішін ән мен күйге бөлеп, жырдан шуақ шашып жүрген ұстаздың бірі – Шапырашты Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы мектептің музыка пәнінің мұғалімі Талғат Сембаев. «Ұлт Батыры» атағының иегері, жоғарғы санатты ұстаз, 60-қа жуық әннің авторы, сазгер Талғат Шәріпұлы жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, талантын шыңдап, үлкен музыка әлеміне жол ашып келеді.

Тегінде «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» деген екен ұлы Абай. Жүріс-тұрысынан, киім киісінен, сөз сөйлеуінен сырбаздық, сыпайылық лебі есіп тұратын Талғат Шәріпұлы ұлағатты, өнерлі, парасатты жан. 
Ол қызмет атқарып жүрген Жамбыл ауданы – ақындар мен батырлар елі. Жер жаннаты Жетісудың қызыр дарыған қасиетті өңірінің бірі – Ұзын­ағаш ауылының өрендерінің бойына музыка туралы түсінік қалыптастыру, ән орындау шеберлігін үйрету, эстетикалық-рухани тәрбие беру Талғат ағаның маңдайына бұйырған бақ.
Ұстаздың баптаған шәкірттері аламан бәйгеде оза шауып, киелі мекеннің мақтаныштарына айналуда. Жуырда Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде «Нұрлы жастар – болашаққа жол бастар», «Тәуелсіздік деп соғар жүрегіміз» атты республикалық байқау өтті. Онда  шәкірттері «Ән айту» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Атап айтар болсақ, ән айту шеберліктері жоғары бағаланған оқушылары Мирас Талас, Ару Мырзақан, Әсел Самиуллаева «Гран-при» иегерлері атанды.
Мирас Италияда, Туркияда өткен халықаралық байқауларда бас жүлдені жеңіп алған өте талантты оқушы. Оның халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне қолдау білдірген аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйләш Бакироваға да айтар алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп ұжымын айрандай ұйытып, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап отырған басшы Эльмира Мақашованың да сіңіріп жатқан еңбегі зор. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззәт Оразбаева, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлмира Базарқұлова, бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Ақмоншақ Жетібаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гүлжан Рахымбекқызы, Бахтияр Құрамысов, педагог ұйымдастырушы Әлия Абдықадір сынды өз ісін жетік білетін мамандар мектеп көшін өрге сүйреуде. Ауданымызда өтіп тұратын әдеби-мәдени іс-шараларға да мектеп өз тарапынан айтулы үлес қосуда. 
Жамбыл ауданы қашанда өнерлі ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуден алдына жан салмаған. Бұл киелі топырақта аузы дуалы ақындар, жазушылар, әншілер мен күйшілер, ірі қоғам қайраткерлері дүниеге келген. Атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани байлығымыз,  мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз, өнеріміз өрістеп, оны жалғайтын талапты жастардың көптеп шығарына кәміл сенеміз.

Динар Шоева,
Шапырашты Наурызбай батыр Құтпанбетұлы 
атындағы мектептің мұғалімі 
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Бүгін, 15:35
Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.