Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ОМАРТАШЫЛАР ОТБАСЫ 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ИЕЛЕНДІ

31 қазан 2018
РУХАНИЯТ
ОМАРТАШЫЛАР ОТБАСЫ 4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Үшжарма ауылы Балқаш ауданының орталығы – Бақанас ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан. Ауылда 300-ге тарта адам тұрады. Тұрғындардың басым бөлігі мал және ауылшаруашылығымен шұғылданады. Біраз уақыттан бері шалғай жатқан шағын ауылда омарташылар қатары көбейе бастады.

«Қазіргі таңда 40 ара ұясы мен 22 ара отбасы бар. Бір маусымда бір ұядан 20 келідей бал аламыз. Әр келісін 1500 теңгеге сатамыз. Араларға қолайлы жағдай туғызу үшін «ЗиЛ» жүк көлігін сатып алып, оны жабдықтадық», – дейді омарташы Жанат Сырбаева. Жолдасы Жексенбекпен бірге кәсіп бастап, бизнеспен айналысуға 25 жыл уақыты кеткен. Жексенбек Нұрбеков омарта шаруашылығымен айналысып келеді. Бұған дейін аулада бірнеше ара ұясы болғанымен оның тек кішкене бөлігін ғана сатылымға шығарған.

– Омарта шаруашылығын көбіне жолдасым жүргізді. Мен уақыт өте келе осы іспен айналыстым. Бал омартасын кеңейтіп, үлкен бизнес жасауға болады деп ойламаппыз. Мүмкіндік те, жағдай да болмады. Ақпарат құралдарынан «Бастау» жобасы туралы, кәсіп ашу үшін төмендетілген несие алуға болатыны жайлы оқып-білдік, – дейді кәсіпкер.

Жыл басында Жанат Сырбаева «Бастау» кәсіпкерлік оқуына жазылды. Курс ауданда бірінші рет «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бір айға жуық мерзім ішінде Жанат өзге тыңдаушылармен бірге бизнестің қыр-сырын, тиімді жоспарлауды, маркетинг пен басқа да маңызды бағыттарды үйренді. Жоба бойынша оқу аяқталған соң Жанат Сырбаева «Інжу» атты жеке кәсіпкерлігін ашып, несие алуға өтініш берді.

Ол құны 4 миллион теңге болатын бизнес-жоспар әзірледі. Біраз уақыттан кейін ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаражатқа қол жеткізді. Бұл ақшаға кәсіпкер отбасы көлік, жабдықтар мен қосымша ара ұяларын сатып алды. Алған білім мен тәжірибе зая кетпеді. Кәсіпкердің балды тұрақты түрде өткізіп тұратын орындары бар. Табиғи бал Балқаш ауданы мен Алматы қаласының тұрғындарына жеткізіледі.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Балқаш ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.